Samsung GT-S3550 User Manual

Browse online or download User Manual for Mobile phones Samsung GT-S3550. Samsung Мобильный телефон Samsung Shark 3 Черный руководство пользователя [pt]

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 2
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 0
Қауіпсіздік және пайдалану туралы ақпарат
Тек Samsung-бекіткен жабдықтарды ғана
қолданыңыз
Сәйкес келмейтін жабдықтарды қолдану
телефоныңыздың зақымдануына немесе бұзылуына
әкеліп соғуы мүмкін.
Телефонды медициналық жабдықтардың
жанында сөндіріп қою қажет
Телефоныңыз ауруханалардағы немесе денсаулық
сақтау орындарындағы медициналық жабдықтардың
әсерінен кедергіге ұшырауы мүмкін. Медицина
қызметкерлері тарапынан болған барлық ережелерді,
орнатылған ескертулерді және нұсқаулықтарды
орындаңыз.
Ұшақ ішінде ұялы телефоныңызды сөндіріп
қойыңыз немесе оның сымсыз жүргізілетін
қызметтерін өшіріңіз
Сіздің ұялы телефоныңыз ұшақ жабдығының әсерінен
кедергіге ұшырауы мүмкін. Әуежайдың барлық
ережелеріне бағыныңыз және әуежай қызметкерлері
талап еткен кезде телефоныңызды сөндіріп
қойыңыз немесе телефонды оның сымсыз жүргізетін
қызметтерін істен шығаратын күйге қосып қойыңыз.
Батареялар мен заряд құрылғыларын
зақымданудан сақтау
Батареяларды өте суық және өте ыстық
температурада жарылуға жол бермеңіз (0° C/32° F
деңгейінен төмен немесе 45° C/113° F деңгейінен
жоғары). Шектен тыс температура көрсеткіштері
батареяларыңыздың зарядтау өнімділігі мен
жарамдылық мерзімін төмендетуі мүмкін.
Батареяларды метал нысандарымен қатынасуынан
сақтаңыз, себебі, бұл заттар батареяларыңыздың
+ және – терминалдары арасында байланыс
тудырып, батареялардың уақытша немесе тұрақты
зақымдануына әкеліп соғуы мүмкін.
Зақымдалған заряд құрылғысын немесе батареяны
пайдалануға болмайды.
Телефоныңызды ұқыпты және орынды
пайдаланыңыз
Электр тоғін ұтылуды қауiп-қатер артынан телефонды
талдамаңыз.
Телефоныңыздың ылғалдануына жол бермеңіз
– сұйықтықтар телефоныңызды зақымдап,
телефон ішіндегі сумен зақымдалуды көрсететін
жапсырма түсін өзгертуі мүмкін. Телефонды су
қолмен пайдаланбаңыз. Сумен зақымдану телефон
дайындаушысының кепілдігінен босатады.
Телефонды оның жылжымалы бөлшектерінің
зақымдануын болдырмау мақсатында шаң-тозаң, кір
жерлерде пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз.
Сіздің телефоныңыз кешенді электрондық құрылғы-
оны қатты зақымдап алмау үшін соғылулардан және
ұқыпсыз пайдаланудан сақтаңыз.
Телефонды бояуға болмайды. Бояу телефонның
жылжымалы бөлшектерінің жылжуына кедергі
келтіреді және оның жеке әрекеттерін тежейді.
Телефонның камера жарығын немесе өз жарығын
балалардың немесе жануарлардың көздеріне жақын
пайдаланбаңыз.
Телефоныңыз магниттік өріс жарылысы салдарынан
зақымдануы мүмкін. Магниттік жабдықтары бар жүк
кейстерін немесе жабдықтарын пайдалануға немесе
телефоныңызды магниттік өріспен ұзақ уақытқа
қалдыруға болмайды.
Алтын түсті байланыстарына немесе
терминалдарына саусағыңызды немесе метал
нысандарын тигізбеңіз. Карта кірлеген жағдайда, оны
жұмсақ орамалмен сүртіңіз.
Жедел қызметтерімен қатынасын тексеріңіз
Телефоныңыздан жедел қызмет шақыру кейбір
аймақтарда немесе жағдайларда мүмкін болауы
ықтимал. Қолданыс аясынан тыс немесе дамымаған
аумақтарға саяхатқа шығар алдында жедел қызмет
қызметкерлерімен байланысқа түсудің басқа әдісін
жоспарлаңыз.
Спецификалық Сіңіру Нормасы (ССН) куәлігі
туралы ақпарат
Сіздің телефоныңыз Еуропалық Одақтың (ЕО)
адам ағзасына радио және телекоммуникациялар
жабдықтарынан бөлініп шығарылатын радио
жиілігіндегі (РЖ) энергияның әсер ету шектемелерін
белгілейтін стандарттарға сай келеді. Мұндай
стандарттарды тірлері сәулелендіруы максималды
шегінен артатын телефондарды статує тиым салынды
(білгендікті Specic Absorption Rate,немесе SAR) әр
килограмға 2.0 Ватт.
Сынақ барысында, осы үлгідегі ең жоғары ССН
көрсеткіші әр килограмға 0,568 Ватт тіркелді. Қалыпты
пайдалау кезінде ССН көрсеткіші анағұрлым төмен
болады, себебі, телефонның бұл үлгісі ең жақын жерде
орналасқан негізгі станцияға сигнал тарату қажетті РЖ
энергиясын бөліп шығаруға ғана арналған. Төменгі
деңгейлерді автоматты түрде тарату мүмкіндігі болған
кезде, телефоныңыз РЖ энергиясының барлық әсерін
бәсеңдетеді.
Бейнебетке сызат түскен немесе сынған
болса, телефонды қолданбаңыз
Сынған әйнек немесе акрил полимер қолыңыз бен
бетіңізді жарақаттауы мүмкін. Бейнебетті ауыстыру
үшін телефонды Samsung қызмет орталығына әкеліңіз.
Ұқыпсыз пайдалану салдарынан келтірілген зақымдар
өндіруші кепілдігімен қамтылмайды.
Сақтандыру шаралары
Барлық кезде сақтықпен жүргізіңіз
Жүргізу кезінде телефонды пайдаланбаңыз және көлік
жүргізу кезінде ұялы телефондармен пайдалануға
тыйым салу туралы ережелерді ұстаныңыз. Қажеттілігі
туған кезде, қауіпсіздікті ұлғайту мақсатында дауысты
қатайту жабдықтарын пайдаланыңыз.
Қауіпсіздіктің барлық ескертулері мен
ережелерін сақтаңыз
Ұялы телефонды белгілі бір аумақтарда пайдалануға
тыйым салатын кез келген ережеге бағыныңыз.
Осы нұсқаулықтағы Сәйкестік Декларациясы
телефоныңыздың Еуропалық Радио және Терминал
Телекоммуникациялар Жабдығы (Р және ДТТЖ)
директивасына сәйкес келетіндігін көрсетеді. ССН
және ЕО стандарттары туралы толығырақ ақпарат алу
үшін Samsung ұялы телефонының торабына кіріңіз.
Осы өнімді дұрыс жолмен тастау
лектрлік және Электроникалық Жабдық қалдықтары)
(Еуропалық Одақ және басқа да жеке жинақ
жүйелері бар Еуропа елдеріндегі
қолданысында бар)
Өнімдегі, керек-жарақтардағы немесе
қосымша әдебиеттегі осы таңба өнімнің және
оның электрондық керек-жарақтарының (мысалы,
зарядтағыш құрылғысының, құлақ аспабының, USB
кабелінің) қызмет мерзімі аяқталғанда басқадай
тұрмыстық қалдықтармен бірге тасталмауы қажеттігін
білдіреді. Қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына
зияны тиюі мүмкін бақылаусыз тасталған қалдықтарды
болдырмау үшін осы заттарды қалдықтардың басқа
түрлерінен бөлек айырып алыңыз да, материал
ресурстарын қоршаған ортаға залалы тимейтіндей
қайта қолданысқа түсіруіңізді сұраймыз.
Үй шаруасындағы пайдаланушылар өнімді қауіпсіз
қайта өңдеуге жіберу үшін осы элементтерді
қайдан және қалай алу жолдарын оны сатып алған
сауда орнына немесе жергілікті басқару кеңсесіне
хабарласуы қажет.
Іскерлік жолындағы пайдаланушылар өздерінің
шығарушыларымен байланысып, сатып алу келісім-
шарттарының шарттары мен ережелерін тексеруі тиіс.
Бұл өнім және оның электрондық керек-жарақтары
басқа коммерциялық қалдықтармен қатар тасталмауы
қажет.
Осы өнім батареяларын сәйкесінше жою
(Еуропа Одағы мен жеке батарея қайтару
жүйелері бар басқа еуропалық елдерде
қолданылады)
Батареядағы, нұсқаулықтағы немесе
орамдағы бұл таңба бұл өнімдегі батареяның өз қызмет
ету мерзімінің соңында басқа тұрмыс қалдықтарымен
бірге жойылмауы тиіс екендігін көрсетеді. Белгіленген
жердегі Hg, Cd немесе Pb символдары батареядағы
сынап, кадмий немесе қорғасын мөлшері 2006/66
ЕО Директивасындағы көрсетілген деңгейден асып
түсетіндігін білдіреді. Егер батарея тиісінше жойылмаған
болса, бұл заттар адам денсаулығы немесе қоршаған
ортаға зиянын тигізуі мүмкін.
Табиғи ресурстарды қорғау үшін және материалдық
қайта пайдалануды қолдау үшін батареяларды басқа
қоқыс түрлерінен ажыратып алыңыз және жергілікті,
тегін батареяларды қайтару жүйесі арқылы қайта
пайдаға асырыңыз.
Қауіпсіздік ескертулері
Ұялы телефоныңызды балалардан және үй
жануарларынан алшақ ұстаңыз
Телефоныңызды және оның жабдықтарын кішкентай
балалардан немесе жануарлардан алыс ұстаңыз.
Телефонның ұсақ бөлшектері жұтылған жағдайда,
өңешке тұрып қалуы немесе өте ауыр жарақаттауы
мүмкін.
Есту жүйеңіздің қорғанысы
Жоғары деңгейдегі дыбыстың шамадан
тыс әсер етуі есту қабілетін төмендетуі
мүмкін. Әрқашан құлақаспапты дыбыс
көзіне қосудан алдында, дыбыс деңгейін
төмендетіңіз және сөйлесу немесе
музыканы есту үшін қажет ең төменгі дыбыс
деңгейін орнатыңыз.
Ұялы телефондарын және жабдықтарын
сақтықпен орнату
Көлігіңізге орнатылған ұялы телефондарыңыздың
немесе оларға қатысты жабдықтардың берік
бекітілгендігіне көз жеткізіңіз. Телефоныңызды және
оның жабдықтарын көліктің қауіпсіздік жастығы
орналасқан аумақта немесе жанына қоймаңыз.
Қауіпсіздік жастығы бірден желге толып кеткен
жағдайда дұрыс орнатылмаған сымсыз жабдықтар ауыр
жарақаттануыңызға себепші болуы мүмкін.
Батареялар мен заряд құрылғыларын
күтіммен пайдалану және орнату
Телефоныңызға арналып жасалған тек Samsung-
бекіткен батареялар мен заряд құрылғыларын
пайдаланыңыз. Сәйкес келмейтін батареялар мен
заряд құрылғыларын пайдалану телефоныңыздың
қатты зақымдануына немесе бұзылуына әкеліп соғуы
мүмкін.
Батареяларды ешқашан отқа тастамаңыз.
Пайдаланылған батареяларды немесе телефонды
тастағаныңызда барлық жергілікті заңдарды
орындаңыз.
Батареяларды немесе телефондарды қысқа
толқынды пештер, плиткалар немесе радиаторлар
сияқты жылу көзі болатын құрылғылардың үстіне
немесе ішіне қоймаңыз. Батареялар қатты қызып
кеткен жағдайда жарылуы мүмкін.
Батареяларды сындыруға немесе тесуге болмайды.
Батареялар жоғары сыртқы қысымда жаруға
болмайды. Бұл ішкі қысқа мерзімдік түйісу және қызып
кету қауіпіне әкеліп соғуы мүмкін.
Пейсмекерлер кедергісінен алшақ болу
Дайындаушылар мен Сымсыз Технология. Зерттеу
жұмысының тәуелсіз зерттеу тобы берген кеңестер
бойынша ықтимал кедергілерді болдырмау мақсатында
ұялы телефондар мен пейсмекерлер ара қашықтығын
кем дегенде 15 см (6 дюйм) етіп алыңыз.
Телефоныңызға тек білікті мамандардың ғана
қызмет көрсетуін қадағалаңыз
Біліксіз мамандардың телефоныңызға қызмет көрсетуі
оның зақымдануына және дайындаушы кепілдігінің
жарамсыз етілуіне әкеліп соғады.
Батареяның және заряд құрылғысының ең
жоғарғы жарамдылығына көз жеткізіңіз
Батареяны зарядтау мерзімінен ұзақ зарядтау
оның жарамдылық уақытын қысқартатындықтан,
батареяларды бір аптадан артық зарядтауға
болмайды.
Уақытынан асырылған, қолданылмаған батареялар
отырып қалады және пайдаланылар алдында қайта
зарядтауды талап етеді.
Қолданыста болмаған кезде заряд құрылғыларын тоқ
көзінен ажыратыңыз.
Батареяларды өз мақсаттарында пайдаланыңыз.
SIM карталарын және жад карталарын
ұқыптылықпен пайдаланыңыз
Телефон белгілі бір ақпаратты жіберу немесе
қабылдау барысында картаны шығарып алуға
болмайды, себебі, бұл әрекет деректердің жойылуына
және/немесе картаның немесе телефонның
зақымдануына себеп болуы мүмкін.
Карталарды қатты соққылардан, статикалық тоқтан
және басқа құрылғылардан келетін электр шуынан
сақтаңыз.
Жазу және өшіру әрекеттерінің жиі болуы жад
карталарының жарамдылық мерзімін қысқартады.
Егер ұялы телефоныңызға пейсмекер немесе басқа да
медициналық құрылғы арқылы кедергілердің болуына
қандайда болмасын күмәніңіз болса, шұғыл түрде
телефоныңызды сөндіріңіз де, келесі нұсқаулықтар алу
мақсатында пейсмекер немесе медициналық құрылғы
дайындаушысымен байланысыңыз.
Ұялы телефонды жарылу мүмкіндігі бар
орталарда сөндіру
Телефонды жанармай толтыру орындарында (қызмет
көрсету станцияларында) немесе жанармайдың немесе
химиялық заттардың жанында пайдалануға болмайды.
Ескерту белгілері немесе нұсқаулықтар пайда болған
кезде, телефоныңызды сөндіріңіз. Телефоныңыз
жанармай немесе химиялық заттар қоймасының ішінде
немесе маңында және тасымал немесе жарылу қауіпі
жоғары аумақтарда жарылыс немесе өрт себебі болуы
мүмкін. Жанғыш сұйықтықтарды, газдарды немесе
жарылғыш заттарды телефон, оның құрама бөлшектері
немесе жабдықтары бар жерде сақтамаңыз немесе
орналастырмаңыз.
Қайталама әрекет бұзылуларының қаупін
азайту
Мәтінді хабарларды жібергенде немесе ойындар
ойнағанда, телефоныңыз бос ұстаңыз және
клавишаларды жеңіл басыңыз, басылуға қажетті
клавишалардың санын азайтатын арнаулы
сипаттамаларды пайдаланыңыз (мысалы, үлгілер және
жеңілдетілген мәтін) және жиі үзілістер жасаңыз.
Қауіпті немесе заңсыз жағдайларды болдырмау мақсатында келесі қауіпсіздік ережелерін ұстаныңыз және ұялы
телефоныңызды жоғары өнімділікпен қамтамасыз етіңіз.
Printed in Korea
Code No.:GH68-27371A
Kazakh. 03/2010. Rev. 1.0
GT
-
S3550
Ұялы телефон
Пайдаланушы
нұсқаулығы
Осы нұсқаулықтың кей бөлігі телефоныңыздың
бағдарламалық жасақтамасына немесе қызметті
жеткізушіге қатысты өзгеше болуы мүмкін.
Bluetooth QD ID : B016358
www.samsungmobile.com
Телефон құрылымы
1
4 бағытты жылжыту клавишасы
Мәзір опцияларын айналдырып
қараңыз; Күту режимінде
пайдаланушы белгілейтін
мәзірлерге қатынаңыз
Қызмет провайдеріңізге
байланысты, әдепкі бастапқы
экран немесе алдын ала белгіленген
мәзірлер өзгеше болуы мүмкін
2
Дыбыс деңгейі клавишасы
Күту режимінде, перне үнінің
қаттылығын реттеу; SOS хабарын
жіберу
SOS хабарын белсендіру және
жіберу
3
Теру клавишасы
Қоңырау шалыңыз немесе жауап
беріңіз; Күту режимінде, соңғы
терілген, өткізіп алынған немесе
қабылданған нөмірлерді табыңыз
4
Дауыстық пошта қызметі
клавишасы
Күту режимінде, дауыстық поштаға
қатынау (басып тұрыңыз)
5
Сенсорлық клавишасы
Дисплейдің төменгі жағында
көрсетілген әрекеттерді орындаңыз
6
Растау клавишасы
Бөлектелген мәзір опцияларын
таңдаңыз немесе енгізуді
растаңыз; Күту режимінде, веб-
браузерді іске қосыңыз немесе
Мәзір режиміне қатынаңыз
Қызмет провайдеріне немесе
аймағыңызға байланысты, бұл
перненің функциясы өзгеше болуы
мүмкін
7
Қуат көзі/Мәзірден шығу
клавишасы
Телефонды қосу/өшіру (басып
тұрыңыз); Қоңырауды аяқтау; Мәзір
режимінде, енгізуді болдырмау
және Күту режиміне оралу
8
Камера клавишасы
Күту режимінде камераны қосу
(басып, ұстап тұрыңыз); Камера
режимінде фотоға немесе бейне
жазбаға түсіру
9
Әріптік-сандық клавишалар
10
Дыбыссыз режим клавишасы
Күту режимінде, дыбыссыз
режимді белсендіру немесе өшіру
(басып тұрыңыз)
Телефон экранының жоғарғы жағында келесі күй
индикаторлары көрсетіледі:
Белгіше Сипаттама
Сигнал күші
GPRS желісі
қосылған
EDGE желісі
қосылған
Қоңырау шалынуда
Қоңырау бағытын
өзгерту параметрі
қосылды
SOS хабар
мүмкіндігі қосылған
Дабыл қосылған
Қауіпсіз веб-бетке
қосылуда
Роуминг (қалыпты
қызмет көрсету
аясынан тыс)
Bluetooth қосылған
Компьютермен
синхрондалды
Жаңа мәтіндік хабар
(SMS)
Белгіше Сипаттама
Жаңа
мультимедиялық
хабар (MMS)
Жаңа дауыстық
пошта хабары
Жаңа электрондық
пошта хабары
FM радиосы
қосылды
FM радиосы
тоқтатылды
Музыка ойнатылуда
Музыка ойнату
уақытша
тоқтатылды
Жад картасы
салынды
Қалыпты режим
қосылған
Дыбыссыз режим
қосылған
Батарея зарядының
деңгейі
Ағымдағы уақыт
5
1
4
9
10
2
7
3
6
8
Басқа электрондық жабдықтар кедергісін
болдырмау
Сіздің телефоныңыз пеймекерлер, құлақ аспаптары,
медициналық жабдықтар мен үй ішіндегі немесе
көліктердердегі басқа да электр құрылғылар сияқты
қорғалмаған немесе дұрыс қорғалмаған жабдықтарға
кедергі келтіруі мүмкін болатын радио жилігіндегі (РЖ)
сигналдарды таратады. Пайда болған кез келген кедергі
мәселелерін шешу үшін электр құрылғыларыңыздың
дайындаушылармен кеңесіңіз.
Маңызды пайдалану ақпараты
Телефоныңызды қалыпты күйде
пайдаланыңыз
Телефоныңыздың ішкі антеннасымен байланысуға
болмайды.
Ішкі антенна
Page view 0
1 2

Summary of Contents

Page 1 - Пайдаланушы

Қауіпсіздік және пайдалану туралы ақпаратТек Samsung-бекіткен жабдықтарды ғана қолданыңызСәйкес келмейтін жабдықтарды қолдану телефоныңыздың зақымдану

Page 2 - Samsung Electronics

Рингтонды өзгерту1. Мәзір режимінде Парам-ер → Дауыс профильдері таңдаңыз.2. Өзіңіз пайдаланып отырған режимге өтіңіз.Дыбыссыз немесе дербес режимді п

Comments to this Manuals

No comments