Samsung HT-C5950 User Manual Page 3

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 67
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 2
Қазақша 3
Сақтық шаралар
Үйіңіздегі айнымалы ток көзі өнімнің артында орналасқан идентификациялық жапсырмада
көрсетілгенге сай екеніне көз жеткізіңіз.
Өнімді ыңғайлы жерге (жиһаздың үстіне), айналасында желдетуге жеткілікті бос орын (7.5-10 сам)
қалдырып, көлденең қойыңыз.
Өнімді күшейткіштердің немесе ысатын басқа жабдықтың үстіне қоймаңыз.
Желдеткіш ұялардың жабылып қалмауын қадағалаңыз.
Өнімнің үстіне ештеңе қоймаңыз.
Өнімді жылжытпас бұрын, диск тартпасы бос
екеніне көз жеткізіңіз.
Өнімді ток көзінен толық ажырату үшін, əсіресе ұзақ уақыт пайдаланбайтын болсаңыз, штепсельдік
ұшты розеткадан суырып алыңыз.
Найзағайлы дауыл болғанда айнымалы ток штепсельдік ұшын розеткадан суырып алыңыз.
Найзағайдан кернеудің күрт жоғарылауы өнімді зақымдауы мүмкін.
Өнімді күн сəулесі немесе басқа жылу көздері түсетін жерде сақтамаңыз. Бұл өнімнің шамадан тыс
қызуына жəне дұрыс жұмыс істемеуіне əкелуі мүмкін.
Өнімді ылғалдан, шамадан тыс жылудан жəне күшті магниттік немесе электр өрістерін тудыратын
жабдықтардан (мысалы, динамиктер) қорғаңыз.
Өнім жұмысында ақаулық пайда болса, қуат кабелін айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
Өнім өндірістік мақсатта пайдалануға арналмаған. Бұл өнім тек жеке пайдалануға арналған.
Өнім немесе диск суық жерде сақталған болса, конденсация орын алуы мүмкін. Қыста тасымалданса,
пайдалану алдында өнім бөлме температурасына дейін жылығанша шамамен 2 сағат күтіңіз.
Осы өнімнің батареяларында қоршаған ортаға зиянды химиялық заттар бар.
Батареяларды үй қоқысымен бірге тастамаңыз.
Теледидарды 3D функциясымен көру
3D СУРЕТТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖƏНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ
АҚПАРАТ. Теледидардың 3D функциясын қолданар алдында, төмендегі сақтық
шаралары туралы ақпаратты оқып, түсіну қажет.
ЕСКЕРТУ
3D теледидарды қарағанда кей адамдардың бастары айналуы, жүректері шайлығуы жəне бастары
ауыруы мүмкін. Бұндай симптомдардың кез келгенін байқасаңыз, 3D теледидарды қарауды тоқтатып,
3D Active көзілдірігін шешіңіз де демалыңыз.
3D суреттерді ұзақ уақыт қарағанда көзіңіз тартуы мүмкін. Көзіңіз тартса 3D теледидарды қарауды
тоқтатыңыз да, 3D көзілдірігін шешіп демалыңыз.
3D функциясын қолданып отырған балаларды үлкендер жиі қадағалап отыруы керек. Бала көзім
шаршады, басым ауырды, басым айналып тұр не жүрегім айнып тұр деп шағымданса, 3D теледидарды
көруді тоқтатып демалуы керек.
3D Active көзілдірігін ешбір басқа мақсатта қолданбаңыз (күннен қорғайтын көзілдірік, жай көзілдірік,
қауіпсіздік көзілдірігі т.с.с.)
3D функциясын не 3D Active көзілдірігін жүріп немесе қозғалып жүргенде қолданбаңыз. 3D функциясын
немесе 3D Active көзілдірігін жүріп бара жатқанда қолдансаңыз, заттарға соғылып, басып кетіп, жəне/не
құлап жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.
HT-C5900_C5950_CIS_KAZ_0712.indd3 3HT-C5900_C5950_CIS_KAZ_0712.indd3 3 2010-07-12  3:39:362010-07-12  3:39:36
Page view 2
1 2 3 4 5 6 7 8 ... 66 67

Comments to this Manuals

No comments