Samsung RM48D User Manual Page 152

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 152
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 151
152
Терминдер
480i / 480p / 720p / 1080i /
1080p____ Жоғарыдағы әрбір
сканерлеу жылдамдығы экран
ажыратымдылығын қабылдайтын
тиімді сканерлеу жолдарына
қатысты болады. Сканерлеу
жылдамдығы сканерлеу әдісіне
байланысты i (кезекті) немесе p
(үдемелі) ретінде белгіленеді.
- Сканерлеу
Сканерлеу бейнені үдемелі
түрде жасайтын нүктелерді
жіберу үрдісіне қатысты болады.
Нүктелердің ең көп саны
айқынырақ және өте анық суретті
қамтамасыз етеді.
- Үдемелі
Үдемелі режимде, нүктелердің
барлық жолы экранда бір-бірлеп
(үдемелі түрде) сканерленеді.
- Кезектестірілген
Кезекті сканерлеу режимінде,
нүктелердің әрбір басқа жолы
алдымен жоғарыдан төмен
қарай сканерленеді және қалған
нүкте жолдары (сканерленбеген)
сканерленеді.
Кезекті емес режим және
кезекті режим____Кезекті емес
режим (үдемелі сканерлеу)
экранның жоғарғы жағынан
төменгі жағына қарай көлденең
жолды үдемелі түрде көрсетеді.
Кезекті режим тақ сандар
жолын бірінші және жұп сандар
жолын екінші етіп көрсетеді.
Кезекті емес режим негізі
мониторларда қолданылады,
себебі ол экран айқындылығын
жасайды, ал кезекті режим негізі
теледидарларда қолданылады.
Нүкте өлшемі____ Экран
қызыл, жасыл және көк
нүктелерден тұрады. Нүктелер
арасындағы қысқа аралық жоғары
ажыратымдылықты береді.
Нүкте аралығы ұқсас түстің
нүктелері арасындағы ең қысқа
аралық арасындағы аралыққа
қатысты болады. Нүкте аралығы
миллиметрмен өлшенеді.
Тік жиілік____ Көрушінің суретті
көруі үшін өнім экранында бір
бейне секундына бірнеше рет
көрсетіледі (флюоресцентті
шамның жыпылықтауы сияқты).
Секундына бірнеше рет
көрсетілген бір бейненің жиілігі
кадр жиілігі немесе жаңарту
жиілігі деп аталады. Кадр жиілігі
Гц бірлігімен өлшенеді.
Мысалы: 60Гц секундына 60 рет
көрсетілген бір бейнеге қатысты
болады.
Көлденең жиілік____ Экранның
сол жағынан оң жағына қарай
бір сызықты сканерлеуге қажетті
уақыт жол айналымы деп
аталады. Жол айналымының кері
саны жол жиілігі деп аталады.
Жол жиілігі кГц бірлігімен
өлшенеді.
Көз____ Кіріс сигналының көзі
бейне камера, бейне немесе DVD
ойнатқышы сияқты құрылғыға
қосылған бейне сигналы көзінің
құрылғысына қатысты болады.
Қосу және ойнату____Қосу және
ойнату деген көрсету ортамын
жасау үшін SMART Signage TV
және компьютер арасындағы
ақпаратты автоматты түрде
айырбастауға мүмкіндік беретін
функция. Қосу және ойнату
функциясын орындау үшін
өнім VESA DDC (халықаралық
стандарт) стандартын
пайдаланады.
Ажыратымдылық____
Ажыратымдылық деген экранды
құрайтын көлденең нүктелер
(пикселдер) мен тік нүктелер
(пикселдер) саны. Ол дисплей
мәліметінің деңгейін көрсетеді.
Жоғары ажыратымдылық
қосымша деректердің экранда
көрсетілуіне мүмкіндік береді және
бірнеше тапсырманы бір уақытта
орындауға пайдалы болады.
Мысалы: 1920 X 1080
ажыратымдылығы 1,920 көлденең
пиксельдерден (көлденең
ажыратымдылық) және 1,080 тік
нүктелерден (тік ажыратымдылық)
тұрады.
DVD (Digital Versatile Disc)____
DVD ықшам дискі өлшеміндей
жалпы сақтау дискісіне
қатысты, оған MPEG-2 бейнені
қысу технологиясы арқылы
(дыбыс, бейне немесе ойын)
қолданбаларын сақтауға болады.
HDMI (High Definition Multimedia
Interface)____ Бұл айқындығы
жоғары бейне көзі сияқты
қысусыз бір кабель көмегімен
цифрлық дыбыс көзіне қосылатын
интерфейс болып табылады.
Multiple Display Control
(MDC)____ MDC (Multiple Display
Control) деген бірнеше көрсету
құрылғыларын дербес компьютер
арқылы бір уақытта басқаруға
мүмкіндік беретін қолданба.
Компьютер және монитор
арасындағы байланыс RS232C
(сериялық деректер тасымалы)
және RJ45 (LAN) кабельдері
арқылы жүзеге асады.
Page view 151
1 2 ... 147 148 149 150 151 152

Comments to this Manuals

No comments