Samsung SM-G920F User Manual Page 83

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 143
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 82
Қолданбалар
83
Қосымша ақпарат
•
S Health тек кейіп және денсаулық мақсаттарына арналған және ауруды немесе басқа
күйлерді диагностикалауда, я болмаса, ауруды емдеу, азайту немесе алдын алу үшін
пайдалануға арналмаған.
•
S Health үшін қол жетімді функциялар, мүмкіндіктер және қосуға болатын қолданбалра
әр түрлі жергілікті заңдар мен ережелерге байланысты елден елге әр түрлі болуы мүмкін.
Пайдалану алдында нақ сіздің аймақта қол жетімді мүмкіндіктерді және қолданбаларды
тексеру керек.
•
S Health қолданбалары және оның қызметі алдын ала ескертусіз өзгертілуі немесе
тоқтатылуы мүмкін.
•
Деректерді жинаудың мақсаты сіз сұраған қызметті көрсетумен, соның ішінде, халіңізді,
деректерді синхрондауды, деректерді талдауды және статистиканы жақсарту немесе
жақсырақ қызметтерді әзірлеу және көрсету үшін қосымша ақпаратты қамтамасыз
етумен шектеледі. (Бірақ, S Health қолданбасынан Samsung есептік жазбасына кірсеңіз,
сақтық көшірме жасау мақсатында деректеріңіз серверде сақталуы мүмкін.) Жеке
ақпарат осындай мақсаттар аяқталғанша сақталуы мүмкін. S Health сақтаған жеке
деректерді «Параметрлер» мәзіріндегі «Деректерді ысыру» опциясын пайдалана
отырып жоюға болады. Әлеуметтік желілермен бөліскен немесе жад құрылғыларына
тасымалдаған барлық деректерді жеке жою керек.
•
Деректерді қосымша Samsung қызметтерімен немесе үйлесімді үшінші тарап
қызметтерімен, сонымен бірге, басқа қосылған құрылғылардың кез келгенімен бөлісуге
және/немесе синхрондауға болады. Мұндай қосымша қызметтердің немесе үшінші тарап
құрылғыларының S Health ақпаратына қатынасуына тек ашық бекітуіңіз бойынша рұқсат
етіледі.
•
Сіз әлеуметтік желілерде бөліскен немесе басқаларға тасымалданған деректердің
дұрыс емес пайдаланылуына толық жауапкершілікті қабылдайсыз. Басқалармен жеке
деректерді бөліскенде сақ болыңыз.
•
Құрылғы өлшеу құрылғыларына қосылған болса, дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз
жеткізу үшін байланыс протоколын тексеріңіз. Bluetooth сияқты сымсыз қосылымды
пайдалансаңыз, құрылғыға басқа құрылғылардың электрондық кедергілері әсер етуі
мүмкін. Құрылғыны радио толқындарды тарататын басқа құрылғылардың жанында
пайдаланбаңыз.
•
Пайдалану алдында S Health қолданбасының «Шарттар мен талаптар» және «Құпиялық
саясаты» бөлімдерін мұқият оқып шығыңыз.
Page view 82
1 2 ... 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 ... 142 143

Comments to this Manuals

No comments