Samsung SM-T2105 User Manual Page 2

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 94
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 1
2
Осы нұсқаулық туралы
Бұл құрылғы Samsung компаниясының жоғары стандарттары мен технологиялық біліктілігін
пайдаланып жоғары сапалы мобильді байланыс пен ойын-сауықты қамтамасыз етеді. Бұл
пайдаланушы нұсқаулығы құрылғының функциялары мен мүмкіндіктері туралы егжей-
тегжейлі мәліметтерді береді.
•
Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты
оқып шығыңыз.
•
Сипаттамалар құрылғының әдепкі параметрлеріне негізделген.
•
Суреттер мен скриншоттардың сыртқы түрі нақты өнімнен ерекшеленуі мүмкін.
•
Мазмұн соңғы өнімнен я болмаса қызмет көрсетушілер немесе байланыс операторлары
қамтамасыз еткен бағдарламадан басқаша болуы мүмкін, әрі алдын ала ескертусіз
өзгертілуі мүмкін. Нұсқаулықтың соңғы нұсқасын Samsung веб-сайтында қараңыз:
www.samsung.com
.
•
Орталық процессорды және ЖЖҚ көп пайдалануды қажет ететін мазмұн (жоғары
сапалы мазмұн) құрылғының жалпы өнімділігіне әсер етеді. Құрылғының техникалық
сипаттамаларына және пайдаланылатын ортаға байланысты мазмұнға қатысты
қолданбалар дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
•
Қол жетімді мүмкіндіктер мен қосымша қызметтер құрылғы, бағдарламалық жасақтама
немесе қызмет көрсетуші бойынша ерекшеленуі мүмкін.
•
Бағдарламалар мен олардың функциялары ел, аймақ немесе аппараттық жасақтама
сипаттамалары бойынша ерекшеленуі мүмкін. Samsung компаниясынан басқа кез келген
провайдерден алынған қолданбалар тудырған өнімділік мәселелеріне Samsung жауапты
емес.
•
Samsung өңделген тізбе параметрлері немесе өзгертілген операциялық жүйе
бағдарламасы тудырған өнімділік мәселелеріне немесе үйлесімсіздіктерге жауапты емес.
Операциялық жүйені реттеуге тырысу құрылғының немесе қолданбалардың қате жұмыс
істеуін тудыруы мүмкін.
•
Бұл құрылғымен бірге берілген бағдарламалық құрал, дыбыс көздері, тұсқағаздар,
суреттер және басқа мультимедиа шектеулі пайдалану үшін лицензияланған. Бұл
материалдарды шығарып алып, коммерциялық немесе басқа мақсаттарға пайдалану
авторлық құқық туралы заңдарды бұзғандық болып саналады. Мультимедианы заңсыз
пайдалануға толығымен пайдаланушылар жауапты.
Page view 1
1 2 3 4 5 6 7 ... 93 94

Comments to this Manuals

No comments