Samsung LE32C570J1S User Manual Page 171

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 197
  • Table of contents
  • TROUBLESHOOTING
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 170
24
Қазақша
Кеңейтілген функциялары
Желіге қосылу
Теледидарыңызды сым арқылы немесе сымсыз қосылым арқылы жергілікті желі көмегімен (LAN) интернетке
қосылатын етіп баптауыңызға болады.
Желіге сым арқылы қосылу ¦
Теледидарыңызды LAN жергілікті желісіне сым арқылы үш тәсілмен қосуға болады:
Теледидарды LAN желісіне, теледидардың арт жағындағы LAN ұяшығын сыртқы модемге Cat 5 сымын қолданып қоса y
аласыз. Төмендегі сызбаға қараңыз.
Теледидарды LAN желісіне, теледидардың арт жағындағы LAN ұяшығын, сыртқы модемге жалғанған IP y
ортақтастырғышы арқылы қосуыңызға болады. Cat 5 сымын қолданып қосылымды жүзеге асырыңыз. Төмендегі
сызбаға қараңыз.
Желі конфигурациясының қалай жүзеге асырылғанына қарай, теледидарыңызды LAN желісіне, теледидардың арт y
жағындағы LAN ұяшығын, Cat 5 сымын қолданып қабырғадағы желі розеткасына тура қоса аласыз. Төмендегі сызбаға
қараңыз. Қабырғадағы розетканың үйдегі модем немесе роутерге қосылатынын есіңізде ұстаңыз.
Динамикалық желі қосылымын жүзеге асыру үшін ADSL модемін немесе Динамикалық Хост Конфигурациялаушы
Протоколына (DHCP) қолдау көрсететін роутерді қолданыңыз. DHCP функциясына қолдау көрсететін модем не роутер
құралдары, теледидарыңызды интернетке қосу үшін қажет IP мекенжайы, желіаралық қорғауыш, шлюз және DNS
мәндерін автоматты түрде тағайындайтындықтан, оларды қолдан енгізудің қажеті жоқ. Үйдегі желілердің көпшілігі
динамикалық желі болып табылады.
Кейбір желілерге тұрақты IP мекенжайы қажет. Егер желі тұрақты IP мекенжайын қажет етсе, қосылымды жүзеге
асыратын кезде, теледидардың кабель қосылымын орнататын терезесіне IP мекенжайы, желіаралық қорғауыш, шлюз
және DNS мәндерін қолдан көрсетуіңіз қажет. IP мекенжайы, желіаралық қорғауыш, шлюз және DNS мәндерін алу үшін
интернет провайдеріне хабарласыңыз. Компьютеріңізде Windows жүйесі орнатылып тұрса, бұл мәндерді компьютеріңіз
арқылы да ала аласыз.
Егер желі үшін тұрақты IP мекенжайы қажет болса, DHCP функциясына қолдау көрсететін ADSL модемдерін
қолдана аласыз. DHCP функциясына қолдау көрсететін ADSL модемдері, сонымен қатар тұрақты IP
мекенжайын да қолдануға мүмкіндік береді.
Қабырғадағы Модем ұяшығы Сыртқы модем (ADSL/VDSL/
Кабельдік телевизия)
Tеледидардың артқы панелі
LAN сымыМодем Сымы
Қабырғадағы Модем ұяшығы Сыртқы модем (ADSL/VDSL/
Кабельдік телевизия)
Tеледидардың артқы панелі
LAN сымы
Модем Сымы
Қабырғадағы LAN ұяшығы Tеледидардың артқы панелі
LAN сымы
LAN сымы
IP ортақтастырғышы
(DHCP сервері бар)
BN68-02791B_LPRKaz.indb 24 3/8/2010 5:21:17 PM
Page view 170
1 2 ... 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 ... 196 197

Comments to this Manuals

No comments