Samsung S19C200BW User Manual Page 114

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 117
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 113
114
Қосымша
Қосымша
Терминдер
OSD (Экран мəзірі)
Экран мəзірі (OSD) ең жақсы сурет сапасын алу үшін экран параметрлерін
конфигурациялауға мүмкіндік береді. Ол экранда көрсетілетін мəзірлер арқылы экранның
жарықтығын, реңкін, өлшемін жəне көптеген басқа параметрлерін өзгертуге мүмкіндік береді.
Gamma
Gamma мəзірі экрандағы көмескі түстерді көрсететін сұр шкаланы реттейді. Жарықтықты
реттеу бүкіл экранның жарықтығын күшейтеді, бірақ Gamma параметрін реттеу тек орта
жарықтықты күшейтеді.
Сұр шкала
Шкала экрандағы көмескірек бөліктерден жарығырақ бөліктерге түс өзгерісінің ауытқуларын
көрсететін түс ашықтығының деңгейлерін білдіреді. Экран жарықтығының өзгерістері қара
жəне ақ өзгерісімен көрсетіледі жəне сұр шкала қара мен ақтың арасындағы ортаңғы
аумақты білдіреді. Сұр шкаланы Gamma параметрін реттеу арқылы өзгерту экранның
орташа жарықтығын өзгертеді.
Сканерлеу жиілігі
Сканерлеу жиілігі немесе жаңарту жиілігі экран жаңартуларының жиілігін білдіреді. Кескінді
көрсету үшін жаңарғанда экран деректері беріледі, бірақ жаңарту жай көзге көрінбейді. Экран
жаңартуларының саны сканерлеу жиілігі деп аталады жəне Гц-пен өлшенеді. Мəні 60 Гц
болған сканерлеу жиілігі экранның бір секундта 60 рет жаңартылатынын білдіреді. Экранның
сканерлеу жиілігі дербес компьютердегі жəне монитордағы бейнекарталардың жұм
ыс
кө
рсеткіштеріне тəуелді болады.
Жол жиілігі
Монитор экранында көрсетілген таңбалар немесе суреттер сансыз нүктелерден тұрады
(пикселдер). Пикселдер көлденең сызықтармен жіберіледі, кейін олар сурет жасау үшін
тігінен реттеледі. Көлденең жиілік кГц өлшем бірлігімен өлшенеді жəне көлденең
сызықтардың монитор экранында секундына қанша рет берілетінін жəне көрсетілетнін
көрсетеді. Мəні 85 болатын көлденең жиілік сурет жасайтын көлденең сызықтардың
секундына 85 000 рет берілетінін білдіреді жəне көлденең жиіл
ік 85
кГц ретінде көрсетіледі.
Кадр жиілігі
Бір сурет сансыз көп көлденең сызықтардан жасалған. Тік жиілік Гц өлшем бірлігімен
өлшенеді жəне сол көлденең сызықтар арқылы секундына қанша сурет жасалатынын
көрсетеді. Мəні 60 болатын тік жиілік суреттің секундына 60 рет берілетінін білдіреді.
Page view 113
1 2 ... 109 110 111 112 113 114 115 116 117

Comments to this Manuals

No comments