Samsung SWA-8500S User Manual Page 26

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 36
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 25
KAZ - 2 KAZ - 3
Қауіпсіздік Ақпараты
Бұл өнімді (SWA-8500S) сатып алғаныңыз үшін алғыс білдіреміз.
ЕСКЕРТУ
ТОК СОҒУ ҚАУПІ БАР.
АШПАҢЫЗ
Бұл белгі ішкі бөлігінің
кернеуі жоғары екендігін
көрсетеді. Осы өнімнің
ішкі бөлігіне кез келген
жағдайда қол тигізу қауіпті.
ЕСКЕРТУ: ТОК СОҒУ ҚАУПІН АЗАЙТУ ҮШІН,
ҚАҚПАҒЫН (НЕМЕСЕ АРТҚЫ ПАНЕЛІН)
АШПАҢЫЗ. ІШІНДЕ ПАЙДАЛАНУШЫ
ЖӨНДЕЙТІН БӨЛШЕКТЕР ЖОҚ. БАРЛЫҒЫН
БІЛІКТІ МАМАНҒА ЖӨНДЕТІҢІЗ.
Бұл белгі өніммен бірге
жұмыс істеуге және
күтім көрсетуге қатысты
маңызды әдебиеттер
берілгендігін көрсетеді.
II сынып өнімі: Бұл белгі жерге қосу (тұйықтау) үшін қауіпсіз қосылымның қажет емес
екенін көрсетеді.
АТ кернеуі: Бұл белгі осы белгімен көрсетілген номиналды кернеудің АТ кернеуі екенін
көрсетеді
ТТ кернеуі: Бұл белгі осы белгімен көрсетілген номиналды кернеудің ТТ кернеуі екенін
көрсетеді.
Назар аударыңыз, Пайдалану үшін нұсқауларды қараңыз: Бұл белгі пайдаланушыға
қосымша қауіпсіздік ақпаратын пайдаланушы нұсқаулығынан қарау керек деп нұсқайды.
Белгі Кедендік одақтың 005/2011 техникалық регламентіне сәйкес қолданылады және осы
өнімнің қаптамасын екінші рет пайдалануға арналмағанын және жоюға жататынын көрсетеді.
Осы өнімнің қаптамасын азық-түлік өнімдерін сақтау үшін пайдалануға тыйым салынады.
Белгі қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Белгі сандық код және/немесе әріп
белгілері түріндегі қаптама материалының белгісімен толықтырылуы мүмкін.
Өнімнің сыртқы және артқы немесе
төменгі жағындағы ұялар мен саңылаулар
қажетті желдетуді қамтамасыз етеді.
Өнімнің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз
ету және оның шамадан тыс қызуынан
қорғау үшін осы ұялар мен саңылауларды
ешқашан блоктамау немесе жаппау қажет.
Жеткілікті желдету болмаса, осы
өнімді кітап сөресі немесе кірістірілген
шкаф секілді жабық орынға қоймаңыз.
Бұл өнімді жылу батареясының немесе
жылытқыштың жанына не болмаса
үстіне, сондай-ақ күн сәулесі тікелей
түсетін орынға қоймаңыз.
Өнімнің үстіне суы бар ыдыстарды
(вазаларды т.б.) қоймаңыз.
Судың ағуынан өрт шығу немесе ток
соғу қаупі туындауы мүмкін.
Page view 25
1 2 ... 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 ... 35 36

Comments to this Manuals

No comments