Samsung CTN464KC01 User Manual Page 102

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 108
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 101
Казақ - 30
тазалау және күтім
көрсету
ПЕШТІҢ ҮСТІ
Пештің қызып тұрған керамика бетіне жуғыш заттарды тигізбеу керек:
Құрылғыны тазалап болғаннан кейін, жуғыш заттардың қалдығын суды
қажетті мөлшерде қолдана отырып тазалау керек, себебі бұндай заттар
пештің беті қызғанда оны жеміргіш келеді. Гриль немесе пеш бүріккіші,
түрпілі жөке немесе түрпілі ыдыс тазалағыш тәрізді жеміргіш заттарды
қолданбаңыз.
Пештің керамика бетін, пайдаланып болғаннан кейін, жылы тұрған
кезінде тазалаңыз. Бұлай істегенде, пештің үстіне төгілген тағам қалдығы,
қатып жабысып қалмайды. Пештің керамика бетін немесе тот баспайтын
темір құрылғыларға арналып сатылатын жуғыш заттарды қолданып,
ақтаңдақтарды, судан қалған жолақты, шашыраған май және металл
дақтарды тазалаңыз.
Шамалы ластану
1. Пештің керамика бетін дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
2. Таза шүберекпен құрғатыңыз. Пештің үстіне жуғыш заттың қалдығын
қалдырмау керек.
3. Пештің керамика бетін аптасына бір рет пештің керамика бетіне
немесе тот баспайтын темір құрылғыларға арналып сатылатын жуғыш
затпен жақсылап тазалау керек.
4. Пештің керамика бетін таза суды қажетті мөлшерде қолданып тазалап,
түгі шықпайтын шүберекпен жақсылап құрғатыңыз.
Қатты ластану
1. Тасып төгілген және қатып қалған қоқысты, шыны қырғышпен
тазалаңыз.
2. Шыны қырғышты керамика бетке бұрыш жасай отырып ұстаңыз.
3. Қоқысты қырғыштың жүзімен тазалаңыз.
Шыны қырғыштар мен керамика шыныны
тазалағыштарды, арнайы бөлшек сауда
орталықтарынан алуға болады.
ЕСКЕРТУ
CTN464NC01_BWT_DG68-00345A-07_KK.indd 30 2014-07-11  10:55:49
Page view 101
1 2 ... 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108

Comments to this Manuals

No comments