Samsung LE32C650L1W User Manual Page 205

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 209
  • Table of contents
  • TROUBLESHOOTING
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 204
49
Қазақша
05
Басқа мағлұматтар
Ақаулық Шешімі және түсіндірмесі
Сурет шықпайды, видео көрсетілмейді
Теледидар іске қосылмайды. Айнымалы тоқ сымының қабырғадағы розетка мен теледидарға мықтап жалғанғанын
тексеріңіз.
Қабырғадағы розетканың жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Теледидардың POWER түймешігін басып көру арқылы, ақаулықтың қашықтан басқару
пультіне байланысты емес екеніне көз жеткізіңіз. Егер теледидар қосылса, төмендегі
“Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді” тармағын қараңыз.
Теледидар автоматты түрде сөніп
қалады.
Sleep Timer құралының Setup параметрінде Off қалпында тұрғанына көз жеткізіңіз. (P. 18)
Егер ДК теледидарға жалғанып тұрса, ДК қуат параметрлерін тексеріңіз.
Айнымалы тоқ сымының қабырғадағы розетка мен теледидарға мықтап жалғанғанын
тексеріңіз.
Теледидарды антенна немесе кабель арқылы қарап отырғанда, теледидар егер сигнал жоқ
болса, 10 ~ 15 минуттан кейін сөніп қалады.
Сурет/видео жоқ. Сым қосылымдарын тексеріңіз.(теледидар мен сыртқы құрылғылардың барлық сымдарын
ағытып алыңыз да, қайта жалғаңыз)
Сыртқы құрылғыңыздың (Кабель/Спутниктік ресивер, DVD, Блю-рей т.с.с.) видео шығысын,
теледидардағы кіріс ұяшықтарына сәйкес келтіріп жалғаңыз. Егер сыртқы құрылғының
шығысы HDMI болса, оны теледидар HDMI кірісіне жалғау керек.
Жалғанған құрылғының электр желісіне қосулы тұрғанын тексеріңіз.
Теледидардың қашықтан басқару пультіндегі SOURCE түймешігін басып, теледидар
сигналының көзін дұрыс таңдаңыз.
РЖ (Кабель/Антенна) қосылымы
Теледидар арналардың барлығын
көрсетпейді.
Антенна сымының мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.
Бар арналарды арна тізіміне қосу үшін, Plug & Play (параметрлерді бастапқы орнату)
параметрін қолданып көріңіз. MENU - Setup - Plug & Play (параметрлерді бастапқы орнату)
параметрінде, сақталуға тиіс бар арналардың көрсетілуін күтіңіз.
Антеннаның дұрыс орында тұрғанын тексеріңіз.
Сурет бұзылып көрсетіледі: үлкен
текше, кішкене текшелер, нүктелер,
пикселдер
Бейнежазба мазмұнын "қысу", әсіресе спорт немесе экшн бейнефильмдері тәрізді тез
қозғалыстағы видеоны көрсеткен кезде суреттің сапасы бұзылуы мүмкін.
Әлсіз сигнал суретті бұзады. Бұл теледидарға қатысты мәселе емес.
ДК қосылымы
“Not Supported Mode” жазуы
көрсетіледі.
ДК шығыс ажыратымдылығы мен жиілігін, теледидар қолдау көрсете алатын
ажыратымдылықтарға сай келтіріп орнатыңыз. (P. 20)
“ДК” кіріс көздері тізімінде, тіпті ДК
теледидарға жалғанбаса да көрсетіліп
тұрады.
Бұл қалыпты жағдай, “ДК” кіріс көздері тізімінде, тіпті ДК теледидарға жалғанбаса да әрқашан
көрсетіліп тұрады.
Видео жақсы көрсетіледі, бірақ аудио
жоқ.
Егер HDMI қосылымын қолданып отырсаңыз, ДК аудио шығыс параметрін тексеріңіз.
Желі қосылымы (үлгі түріне байланысты)
Желіге сымсыз қосылу әрекеті сәтсіз
аяқталды.
Желіге сымсыз қосылу үшін Samsung Wireless USB құралы қажет.
Желі қосылымы параметрінің Wireless қалпында тұрғанын тексеріңіз.
Теледидардың сымсыз IP ортақтастырғышы (роутер) арқылы қосылуға жарайтынын
тексеріңіз.
Басқа мәселе
Сурет экранда толық көрсетілмейді. HD арналары, SD (4:3) мазмұндары көрсетілген кезде экранның қайбір жағына қара жолақ
қалдырып отырады.
Геометриялық өлшемдерінің қатынасы теледидардағыдан басқаша болатын фильмдерде,
бейнебеттің үстіңгі және астыңғы жағында қара жолақтар пайда болады.
Сыртқы құрылғы немесе теледидардағы сурет өлшемінің параметрін, сурет бейнебетті толық
көрсетілетін етіп реттеңіз.
Қашықтан басқару пульті жұмыс
жасамайды.
Қашықтан басқару пульті батареяларының (+/–) полюстарын дұрыс келтіріп салыңыз.
Пульттағы сенсор сигналы шығатын терезені тазалаңыз.
Қашықтан басқару пультін теледидарға 5~6 фут қашықтықтан тура бағыттап көріңіз.
Кабель/спутниктік ресивердің қашықтан
басқару пульті, теледидарды іске
қоспайды не сөндірмейді, үнділігін
реттемейді.
Кабель/Спутниктік ресивердің қашықтан басқаратын пультін, теледидарды басқаратын етіп
бағдарламалаңыз. SAMSUNG теледидар кодын, Кабель/Спутниктік ресивер пайдаланушы
нұсқаулығынан қараңыз.
“Not Supported Mode” жазуы
көрсетіледі.
Теледидар қолдау көрсететін ажыратымдылықты тексеріңіз де, сыртқы құрылғының шығыс
ажыратымдылығын тиісінше орнатыңыз. Осы нұсқаулықтың 20-ші бетіндегі ажыратымдылық
параметрлерін тексеріңіз.
Теледидардан пластмасса иісі шығады. Бұндай иістің шығуы қалыпты жағдай және ол уақыт өте келе жойылып кетеді.
Өздігінен диагностика коюға арналған
сынақ мәзірінде теледидар Signal
Information параметрі жоқ.
Бұл функция тек Антенна / РЖ/ Coax қосылымы арқылы қабылданатын сандық арналарда
ғана бар. (P. 20)
Теледидар бір жағына қарай қисайып
тұр.
Теледидардың тағанын алыңыз да, қайта құрастырыңыз.
Тұрғы тағанын құрастыру қиын. Теледидардың тегіс жерде тұрғанына көз жеткізіңіз. Бұрандаларды теледидардан ала
алмасаңыз, магнитті бұранда бұрағышты қолданыңыз.
BN68-02558F-Kaz.indb 49 3/31/2010 10:41:38 AM
Page view 204
1 2 ... 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209

Comments to this Manuals

No comments