Samsung UE32F4800AW User Manual Page 72

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 79
  • Table of contents
  • TROUBLESHOOTING
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 71
Ақаулық Шешімі және түсіндірмесі
Сурет шықпайды, видео көрсетілмейді
Теледидар іске қосылмайды.
Айнымалы тоқ сымының қабырғадағы розетка мен теледидарға мықтап жалғанғанын тексеріңіз.
Қабырғадағы розетканың жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Теледидардың POWER түймешігін басып көру арқылы, ақаулықтың қашықтан басқару пультіне байланысты
емес екеніне көз жеткізіңіз. Егер теледидар қосылса, төмендегі “Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді”
тармағын қараңыз.
Теледидар автоматты түрде сөніп
қалады.
Ұйқы таймері параметрінің Сөндіру қалпына Уақыт мәзірі арқылы қойылғанына көз жеткізіңіз.
Егер ДК теледидарға жалғанып тұрса, ДК қуат параметрлерін тексеріңіз.
Айнымалы тоқ сымының қабырғадағы розетка мен теледидарға мықтап жалғанғанын тексеріңіз.
Теледидарды антенна немесе кабель арқылы қарап отырғанда, теледидар егер сигнал жоқ болса, 10 ~ 15
минуттан кейін сөніп қалады.
Ешбір сурет/видео жоқ.
Сым қосылымдарын тексеріңіз (теледидар мен сыртқы құрылғылардың барлық сымдарын ағытып алыңыз
да, қайта жалғаңыз).
Сыртқы құрылғыңыздың (Кабель/Жерсерік ресивері, DVD, Блю-рей т.с.с.) видео шығысын ұяшығын,
теледидардағы кіріс ұяшықтарына сәйкес келтіріп жалғаңыз. Мысалы, сыртқы құрылғының шығыс ұяшығы
HDMI болса, оны теледидардың HDMI кіріс ұяшығына жалғау керек.
Жалғанған құрылғылардың электр желісіне қосулы тұрғанын тексеріңіз.
Теледидардың қашықтан басқару пультіндегі SOURCE түймешігін басып, теледидар сигналының көзін дұрыс
таңдаңыз.
Құрылғының қорек сымын қайта жалғау арқылы, жалғанған құрылғыны қайта іске қосыңыз.
Антенна (Антенна/Кабель) қосылымы
Теледидар арналардың барлығын
көрсетпейді.
Антенна сымының мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.
Бар арналарды арна тізіміне қосу үшін Орнату (Параметрлерді бастапқы орнату) параметрін қолданып
көріңіз. MENU - Жүйе - Орнату (Параметрлерді бастапқы орнату) параметріне барып, сақталуға тиіс бар
арналардың көрсетілуін күтіңіз.
Антеннаның дұрыс орында тұрғанын тексеріңіз.
Сурет бұзылып көрсетіледі: үлкен
текшелер, кішкене текшелер,
нүктелер, пикселдер
Бейнежазба мазмұнын "сығымдау", әсіресе спорт немесе экшн бейнефильмдерін көрсеткен кезде суреттің
сапасын бұзуы мүмкін.
Әлсіз сигнал суретті бұзады. Бұл теледидарға қатысты мәселе емес.
Басқа мәселе
Сурет экранда толық
көрсетілмейді.
Жоғары ажыратымдылықтағы арналар, SD (4:3) мазмұндары көрсетілген кезде экранның қайбір жағына
қара жолақ қалдырып отырады.
Өлшемдерінің қатынасы теледидардағыдан басқаша болатын фильмдерде, бейнебеттің үстіңгі және
астыңғы жағында қара жолақтар пайда болады.
Сыртқы құрылғы немесе теледидардағы сурет өлшемінің параметрін, сурет бейнебетті толық көрсетілетін
етіп реттеңіз.
Қашықтан басқару пульті жұмыс
істемейді.
Қашықтан басқару пульті батареяларын ауыстырғанда, (+/–) полюстарын дұрыс келтіріп салыңыз.
Пульттағы сенсор сигналы шығатын терезені тазалаңыз.
Қашықтан басқару пультін теледидарға 5~6 фут қашықтықтан тура бағыттап көріңіз.
Кабель/спутниктік ресивердің
қашықтан басқару пульті,
теледидарды іске қоспайды не
сөндірмейді, үнділігін реттемейді.
Кабель/Жерсерік ресиверінің қашықтан басқаратын пультін, теледидарды басқаратын етіп бағдарламалаңыз.
SAMSUNG теледидар кодын, Кабель/жерсерік ресиверінің пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
A “Режим қолданылмайды
жазуы көрсетіледі.
Теледидар қолдау көрсететін ажыратымдылықты тексеріңіз де, сыртқы құрылғының шығыс
ажыратымдылығын сәйкесінше реттеңіз.
Теледидардан пластмасса иісі
шығады.
Бұндай иістің шығуы қалыпты жағдай және ол уақыт өте келе жойылып кетеді.
Теледидардың Сигнал ақпараты
ақпараты Өзін-к диагностика
сынақ мәзірінде жұмыс істемейді.
Бұл функция тек Антенна / РЖ / Coax қосылымы арқылы қабылданатын сандық арналарда ғана бар.
Теледидар оңға немесе солға
қарай қисайған.
Теледидардың тағанын алыңыз да, қайта құрастырыңыз.
Тұрғы тағанын құрастыру қиын.
Теледидардың тегіс жерде тұрғанына көз жеткізіңіз. Бұрандаларды теледидардан ала алмасаңыз, магнитті
бұранда бұрағышты қолданыңыз.
Тарату мәзірі сұры болып тұр (қол
жетімсіз).
Тарату мәзірі тек теледидардың сигнал көзі таңдалған кезде ғана көрсетіледі.
Қазақша - 12
[UF4800-RU]BN68-04900A-02L04.indb 12 2014-01-14  5:07:53
Page view 71
1 2 ... 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79

Comments to this Manuals

No comments