Samsung GT-S5282 User Manual Page 26

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 100
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 25
Негіздер
26
Бастапқы экран
Бастапқы экран — құрылғының барлық мүмкіндіктеріне қол жеткізудің бастапқы нүктесі.
Ол көрсеткіш белгішелерді, виджеттерді, қолданбалардың таңбашаларын және басқаларды
көрсетеді.
Бастапқы экранда бірнеше тақта болуы мүмкін. Басқа тақталарды көру үшін солға немесе
оңға қарай жылжытыңыз.
Элементтерді қайта реттеу
Қолданба белгішесін қосу
Бастапқы экранда тармағын түртіңіз, қолданба белгішесін түртіп ұстап тұрыңыз, содан
кейін оны тақтаны алдын ала көруге сүйреңіз.
Элементті қосу
Виджеттерді немесе қалталарды қосу арқылы бастапқы экранды реттеңіз.
Бастапқы экранда бос аумақта түртіп ұстап тұрыңыз да, келесі санаттардың біреуін таңдаңыз:
•
Қолданбалар мен виджеттер
: Басты бет экранына виджеттер немесе бағдарламалар
қосыңыз.
•
Қалта
: Жаңа қалта жасаңыз.
Элементті жылжыту
Элементті түртіп ұстап тұрып, жаңа орынға сүйреңіз. Басқа тақтаға жылжыту үшін оны
экранның бүйіріне сүйреңіз.
Элементті жою
Элементті түртіп ұстап тұрыңыз, сөйтіп бастапқы экранның жоғарғы жағында көрсетілетін
қоқыс себетіне сүйреңіз. Қоқыс себеті қызыл болып жанғанда, оны босатыңыз.
Page view 25
1 2 ... 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 ... 99 100

Comments to this Manuals

No comments