
Негіздер
26
•
Синхрон-у
: қолданбаларды автоматты синхрондауды іске қосу немесе өшіру.
Аймаққа немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді опциялар өзгеріп
отыруы мүмкін.
Бастапқы экран
Бастапқы экран — құрылғының барлық мүмкіндіктеріне қол жеткізудің бастапқы нүктесі.
Ол көрсеткіш белгішелерді, виджеттерді, қолданбалардың таңбашаларын және басқаларды
көрсетеді.
Бастапқы экранда бірнеше тақта болуы мүмкін. Басқа тақталарды көру үшін солға немесе
оңға қарай жылжытыңыз.
Элементтерді қайта реттеу
Қолданба белгішесін қосу
Бастапқы экранда опциясын түртіңіз, қолданба белгішесін түртіп ұстап тұрыңыз, содан
кейін оны тақтаны алдын ала көруге сүйреңіз.
Элементті қосу
Виджеттерді немесе қалталарды қосу арқылы бастапқы экранды реттеңіз.
Бастапқы экранда бос аумақта түртіп ұстап тұрыңыз да, келесі санаттардың біреуін таңдаңыз:
•
Қолданбалар мен виджеттер
: бастапқы экранға виджеттерді немесе қолданбаларды
қосу.
•
Қалта
: жаңа қалтаны жасаңыз.
Содан кейін, элементті таңдап, бастапқы экранға сүйреп апарыңыз.
Элементті жылжыту
Элементті түртіп ұстап тұрып, жаңа орынға сүйреңіз. Басқа тақтаға жылжыту үшін оны
экранның бүйіріне сүйреңіз.
Элементті жою
Элементті түртіп ұстап тұрыңыз, сөйтіп бастапқы экранның жоғарғы жағында көрсетілетін
қоқыс себетіне сүйреңіз. Қоқыс себеті қызыл болып жанғанда, оны босатыңыз.
Comments to this Manuals