Негіздер
24
Басқару қозғалыстары
Қарапайым қозғалыстар құрылғыны оңай басқаруға мүмкіндік береді.
Қозғалыстарды пайдаланбай тұрып қозғалыс мүмкіндігі іске қосылғанын тексеріңіз. Бастапқы
экранда
Бағдарлр
→
Қон-лар
→
Қозғалыс
тармағын түртіңіз де,
Қозғалыс
қосқышын оңға
сүйреңіз.
Құрылғыны шамадан тыс сілку немесе оған әсер қалаусыз енгізулерге әкелуі мүмкін.
Қозғалыстарды дұрыс басқару жолы туралы мәліметтер алу үшін,
Бағдарлр
→
Қон-
лар
→
Қозғалыс
→
Қозғалыстар туралы оқып білу
тармағын түртіңіз. (87-б.)
Экранды бұру
Көп қолданбалар кітаптық немесе альбомдық бағдарда көрсетуге мүмкіндік береді.
Құрылғыны бұрғанда, дисплей жаңа экран бағдарына қиыстыру үшін автоматты түрде
реттеледі.
Дисплейдің автоматты түрде бұрылуын болдырмау үшін хабарландыру тақтасын ашып,
Экран бұру
опциясынан таңдауды алыңыз.
•
Кейбір қолданбалар экранды бұру мүмкіндігін бермейді.
•
Кейбір қолданбалар бағдарға байланысты басқа экранды көрсетеді. Альбомдық
бағдарға бұрғанда калькулятор ғылыми калькуляторға айналады.
Comments to this Manuals