Samsung GT-S8600 User Manual Page 147

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 157
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 146
Сақтандыру шаралары
147
Жеке және маңызды деректеріңізді қауіпсіз ұстау
Құрылғыны пайдаланғанда, маңызды деректердің сақтық
көшірмесін жасап қойыңыз. Samsung деректердің жоғалуына
жауапты емес.
Құрылғыңызды қалдық ретінде тастағанда, барлық деректердің
сақтық көшірмесін жасап, жеке деректеріңізді басқа пайдалануға
жол бермеу үшін құрылғыңыздың зауыттық мәндерін қалпына
келтіріңіз.
Авторлық құқықпен қорғалған мтериалды таратпаңыз
Жазып алған, бірақ авторлық құқықпен қорғалған материалды
басқаларға мазмұн иелерінің рұқсатынсыз таратпаңыз. Мұны
сақтамаудан авторлық құқық туралы заңдар бұзылуы мүмкін. Өндіруші
авторлық құқықпен қорғалған материалды пайдаланушының заңсыз
пайдалануынан туындаған құқықтық мәселелерге жауапты емес.
Спецификалық сіңіру нормасы (ССН) куәлігі туралы
ақпарат
Құрылғыңыз Еуропалық Одақтың (ЕО) адам ағзасына радио және
телекоммуникациялар жабдықтарынан бөлініп шығарылатын радио
жиілігіндегі (РЖ) энергияның әсер ету шектемелерін белгілейтін
стандарттарға сай келеді. Мұндай стандарттар адам ағзасының әр
килограмына 2,0 Вт шамасынан жоғарғы деңгейде (Спецификалық
сіңіру нормасы немесе ССН ретінде белгілі) әсер ететін ұялы
телефондардың сатылуына жол бермейді.
Сынақ кезінде осы модель үшін байқалған ең жоғары ССН көрсеткіші
0,834 Вт/кг болып шықты. Қалыпты қолданыста негізгі ССН көрсеткіші
әлдеқайда төменірек болуы мүмкін, өйткені бұл құрылғы сигналды
ең жақын байланыс бекетіне жеткізуге ғана қажетті радио жиілік
энергиясын шығаратындай етіп жасалған. Мүмкіндігінше төменгі
деңгейлерді автоматты түрде тарату арқылы құрылғыңыз РЖ
энергиясының сізге әсер етуін азайтады.
Бұл нұсқаулықтың артындағы Сәйкестік туралы декларация
құрылғыңыздың Еуропалық радио және терминал
телекоммуникациялар жабдығы (РТТЖ) директивасына сәйкес
келетіндігін көрсетеді. ССН және қатысты ЕО стандарттары туралы
толық ақпарат алу үшін Samsung веб-сайтына кіріңіз.
Page view 146
1 2 ... 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 ... 156 157

Comments to this Manuals

No comments