Samsung SM-C115 User Manual Page 193

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 221
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 192
Қол жетімділік
193
•
Келесі элементті таңдау: бір саусақпен экранда төмен қарай немесе оң жаққа жылдам
айналдырыңыз.
•
Тізімдерді айналдыру: екі саусағыңызбен экранды жоғары қарай немесе төмен қарай
айналдырыңыз.
•
Алдыңғы бетке оралу: екі саусағыңызбен экранды оң жаққа айналдырыңыз.
•
Келесі бетке өту: екі саусағыңызбен экранды сол жаққа айналдырыңыз.
•
Экран құлпын ашу: екі саусағыңызбен құлыпталған экран аумағында экранды кез келген
бағытта айналдырыңыз.
•
Хабарландыру тақтасын ашу: екі саусағыңызбен экран үстін төмен қарай сүйреңіз.
•
Жылдам параметрлер тақтасын ашу: екі саусағыңызбен экранның жоғарғы жағынан
төмен қарай сүйреңіз.
Manage gestures
ішінде TalkBack үшін саусақ қимылы параметрлерін теңшеуге болады.
Мәліметтер алу үшін Саусақ қимылы параметрлерін теңшеу бөлімін қараңыз.
Саусақ қимылы параметрлерін теңшеу
TalkBack функциясын пайдаланғанда саусақ қимылдарын пайдаланып әрекеттерді орындауға
болады. Алдыңғы экранға оралу, бастапқы экранды ашу сияқты және т.б. әрекеттерді
орындауға болады. Пайдалану алдында саусақ қимылдарын теңшеңіз.
Тік қимылдар үшін параметрлерді реттеу
Экранның астынан саусақты жоғары және төмен қарай немесе керісінше сүйреп, екі бөлікті,
тік қимылдарды пайдалануға болады.
Қолданбалар экранында
Қон-лар
Қол жетімділік
Көру
TalkBack
Қондырғылар
Manage gestures
Two part vertical gestures
тармағын түртіңіз. Одан кейін мына
мүмкіндіктердің біреуін таңдаңыз:
•
Move to the first and last items on screen
: экранда саусақтарды жоғары қарай, кейін
төмен қарай сүйреген кезде экранның үстіндегі бірінші элемент таңдалады. Экранда
саусақты төмен қарай, кейін жоғары қарай жылдам сүйреген кезде экранның төменгі
жағындағы соңғы элемент таңдалады.
•
Cycle through reading granularities
: экранда саусақты жоғары қарай, содан кейін төмен
қарай сүйреген кезде оқу бірлігі өзгереді. Оқу бірлігі бет, еже, жол, сөз, таңба және әдепкі
болып өзгереді. Экранда саусақты төмен қарай, содан кейін жоғары қарай сүйрегенде
оқу бірлігі кері ретпен өзгереді.
Page view 192
1 2 ... 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 ... 220 221

Comments to this Manuals

No comments