Жұмысты бастау
13
Екі SIM немесе USIM картасын (екі SIM карталы үлгілер)
пайдалану
Екі SIM немесе USIM картасын салсаңыз, бір құрылғыда екі телефон нөмірі немесе қызмет
көрсетуші болады.
SIM немесе USIM карталарын белсендіру
Бастапқы экранда
→
Қон-лар
→
SIM картасының реттеушісі
тармағына өтіңіз. SIM
немесе USIM карталарына арналған қосқыштардың біреуін немесе екеуін де оңға қарай
сүйреп апарыңыз.
Екі карта да қосулы болса, әр картада қоңыраулар мен хабарларды қабылдай аласыз.
Алайда, бір картамен сөйлесіп отырған кезде екінші карта жаңа қоңырауларды
қабылдау үшін қолданылмайды.
SIM немесе USIM карталарының дисплей атауын және белгішесін
өзгерту
Бастапқы экранда
→
Қон-лар
→
SIM картасының реттеушісі
тармағына өтіңіз. SIM
немесе USIM картасын таңдап,
Белгі таңдау
немесе
Атауын тіркеу
түймесін түртіңіз. Әрбір
картаға арнап дисплей атауы мен белгішені орнатыңыз.
Картаны ауыстыру
Екі SIM немесе USIM карталары қосылған кезде картаны таңдау белгішелері хабарландыру
тақтасының бақылау тақтасында пайда болады. Хабарландырулар тақтасын ашып, картаны
таңдаңыз.
Comments to this Manuals