
Орнату жəне жалғау 2-6
2-6 Шамды ауыстыру
Шамды ауыстыруға қатысты сақтық шаралары
• Проектордың шамы шығындалатын элемент болып есептеледі. Барынша жақсы жұмыс жасауы үшін, шамды
қолданыс уақытына қарай ауыстырып отырыңыз. Шамды қолдану уақытын ақпарат бейнебетінен (INFO түймешігі)
қарауға болады.
• Шамның орнына төменде көрсетілген шамды ғана салыңыз.
- Шам сатып алуға қатысты сұрақтарыңыз болса, 5-3 тараудағы 'SAMSUNG КОМПАНИЯСЫМЕН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК
БАЙЛАНЫС' ақпаратын қараңыз.
• Шамды ауыстырар алдында қуат сымының желіден ағытылып тұрғанын тексеріңіз.
• Шам жоғары температура мен жоғары кернеу арқылы жұмыс жасайтын өнім болғандықтан, қуат сымын желіден
ағытқаннан кейін, кем дегенде бір сағат күтіп барып шамды ауыстырыңыз.
• Проектордың шамы проектордың үстінде орналасқан.
• Ескі шамды тұтанғыш заттардың қасына немесе балалардың қолы жететін жерге қалдырмаңыз. Өрт шығу, күйіп қалу
немесе жар
ақат алу қаупі бар.
• Шамның айналасындағы немесе ішіндегі қоқыс немесе бөгде затты тиісті вакуум құралын қолданып тазалаңыз.
• Шамды ұстағанда, ұстағышынан басқа жеріне қол тигізбеуге тырысыңыз. Шамды дұрыс ұстамасаңыз, оның қолданыс
мерзімі қысқаруы немесе суреттің сапасына теріс əсер етуі мүмкін.
• Шамды ауыстыру үшін проекторды тегіс жерге қойыңыз.
• Проектор егер шамды ауыстырғаннан ке
йін шамның қақпағы орнына дұрыс қойылмаса, жұмыс істемейтін етіп
жасалған. Егер проектор дұрыс жұмыс істемесе, LED индикаторының жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Шамның құрамында сынап бар. Жергілікті жер, штат немесе федеральды заңнамаға сай тастаңыз.
Шамды ауыстыру тəсілі
• Шам жоғары температура мен жоғары кернеу арқылы жұмыс жасайтын өнім болғандықтан, оны ауыстырар
алдында қуат сымын желіден ағытып, кем дегенде бір сағат күтіңіз.
• Проектордың шамы проектордың үстінде орналасқан.
1. Келесі суретте көрсетілген бұранданы алыңыз да, содан кейін қақпақты ашыңыз.
2. Проектордың үстіндегі үш (3) бұранданы, қақпағы ашық тұрғанда келесі суретте көрсетілген тəсілмен алыңыз.
Үлгісі SP-M200, SP-M220 SP-M250, SP-M270, SP-M300
Шам үлгісінің атауы DPL3311U DPL3321U
(SP-M200, SP-M220, SP-M250) (SP-M270, SP-M300)
Comments to this Manuals