Samsung NQ50C7535DS User Manual Page 173

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 228
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 172
Казақ - 21
құрамдастырылған
пешті қолдану
ҚЫЗДЫРУ ЖОЛДАРЫ
Келесі кестеде осы пешке орнатылған әр түрлі қыздыру режимдері мен
параметрлерге қысқаша шолу жасалған. Рецептеріңіздің барлығы үшін тиісті режим
мен параметрдің түсіндірмесі берілген беттердегі Пісіру нұсқаулығын қолданыңыз.
Микротолқын режимі
Тағам пісіру және жібіту үшін микротолқын қуаты қолданылады.
Бұл тағамның түсі мен пішімін өзгертпей, жылдам және тиімді
пісіретін режим. Әр түрлі тағамға сай келу үшін қуат деңгейі мен
пісіру уақыты қолдан орнатылады.
Пеш режимі
Конвекция режимі
Тағам пештің артқы жағынан берілетін ыстық ауамен
жылытылады. Бұл параметр тағамды біркелкі қыздырады және
кондитерлік тағамдарды пісіруге өте қолайлы.
Ұсынылатын температура: 180 °C
Қуыруға арналған (Конвекция + Үстіңгі) қызу
Ыстық ауа мен үстіңгі қыздырғыш элемент бірігіп, тағамды кітірлек
етіп әрі қызартып пісіруге қолайлы параметрді құрайды. Әсіресе ет
пісіру үшін қолдануды ұсынамыз.
Ұсынылатын температура: 180 °C
Дәстүрлі қыздыру
Қызу үстіңгі және астыңғы қыздырғыш элементтерден келеді. Бұл
параметр кондитер өнімдерін пісіруге және қуыруға сай келеді.
Ұсынылатын температура: 200 °C
Гриль
Тағам үстіңгі қыздырғыш элемент арқылы қыздырылады.
Ұсынылатын температура: 220 °C
Желдеткіш гриль
Үстіңгі жылытқыш элементтерден бөлінетін жылуды желдеткіш
пеш камерасының барлық жеріне таратады. Бұл режимді ет пен
балықтан гриль жасау үшін пайдалануға болады.
Ұсынылатын температура: 220 °C
Пицца (Конвекция + Астыңғы қызу)
Ыстық ауа мен астыңғы қыздырғыш элемент бірігіп, тағамды
кітірлек етіп әрі қызартып пісіреді.
Ұсынылатын температура: 180 °C
05 ПЕШТІ ПАЙДАЛАНУ
NQ50C7535DS_WT_DG68-00470C-03_KK.indb 21 4/27/2016 2:09:26 PM
Page view 172
1 2 ... 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 ... 227 228

Comments to this Manuals

No comments