
Қазақша -
8
ІСКЕ ҚОЛДАНУҒА
ҚАТЫСТЫ ҚАТАҢ
ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ
• Ашаны су қолыңызбен
розеткаға сұқпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат қоймаңыз.
- Есікті ашқанда немесе
жапқанда, заттар құлап кетіп,
адам жарақат алуы немесе
жəне/не мүлікке зиян келуі
мүмкін.
• Су құйылған заттарды
тоңазытқыштың үстіне қоймаңыз.
- Төгіліп қалса, өрт шығуы
немесе электр қатері пайда
болуы мүмкін.
• Балаларға есікке асылып тұруға
рұқсат бермеңіз.
- Бұл нұсқау орындалмаса, адам
қатты жарақат алуы мүмкін.
• Тоңазытқыштың қасында
болмаған кезде есігін ашық
қалдырмаңыз жəне балаларға
тоңазытқыштың ішіне кіруге жол
бермеңіз.
• Сəбилер мен балалардың
тартпаға кіруіне жол бермеңіз.
- Қамалып қалып, тұншығу немесе
жарақат алуға байланысты мерт
болу қаупі бар.
• Мұздатқыштың есігіне отырмаңыз.
- Есігі сынып қалуы немесе
адам жарақат алуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
• Балалар қамалып қалмас үшін,
егер тартпа бөлгіш алынып
тұрса, тазалау немесе басқа
жұмыстардан кейін жинаққа кірген
бұрандаларды пайдаланып, тартпа
бөлгішті қайта орнату керек.
• Үлестіргіш тесікке ешқашан
саусақтарыңызды немесе басқа
заттарды сұқпаңыз.
- Бұл нұсқау орындалмаса,
адам жарақат алуы немесе
мүлікке зақым келуі мүмкін.
• Бензол, сұйылтқыш, алкоголь,
эфир немесе сұйылтылған
газ тəрізді тұтанғыш немесе
жанғыш заттарды тоңазытқышта
сақтамаңыз.
- Бұндай заттың кез келгенін
сақтаған кезде жарылыс
шығуы мүмкін.
• Төмен температураға төзбейтін
дəрі-дəрмектерді, ғылыми
үлгілік материалдарды немесе
басқа да төмен температураға
сезімтал заттарды тоңазытқышта
сақтамаңыз.
- Температурасын қатаң бақылап
отыруды қажет ететін өнімдерді
тоңазытқышта сақтамаңыз.
• Тоңазытқыштың ішіне өндіруші
арнайы рұқсат етпеген электр
құрылғысын қоюға немесе
қолдануға болмайды.
DA68-03015J-11.indb 8DA68-03015J-11.indb 8 2017. 11. 27. 3:192017. 11. 27. 3:19
Comments to this Manuals