
42 Казақ
Ақаулықты түзету
Ақаулықты түзету
Тексерілетін мәселелер
Егер кір жуғыш машинаға қатысты мәселе пайда болса, әуелі келесі кестені қарап,
ұсыныстарды қолданып көріңіз.
Ақаулық Әрекет
Жұмыс істей
бастамайды.
• Кір жуғыш машинаның қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Есіктің дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Су шүмектерінің ашық екенін тексеріңіз.
• Кір жуғыш машинаны іске қосу үшін Бастау/Үзіліс түймешігін
басыңыз немесе түртіңіз.
• Бала қауіпсіздігі құралының сөндірулі екеніне көз жеткізіңіз.
• Кір жуғыш машинаға су құйылар алдында бірнеше рет сырт-сырт
еткен дыбыс естіледі де, есіктің бекітілгені тексеріледі, содан кейін
жылдам төгеді.
• Сақтандырғышты тексеріңіз немесе айырып-қосқышты қайта
қалпына қойыңыз.
Су жетіспей тұр немесе
ешбір су құйылмаған.
• Су шүмегін толық ашыңыз.
• Есіктің дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің мұздап қалмағанын тексеріңіз.
• Су құятын түтіктің жаншылып немесе бітеліп қалмағанын тексеріңіз.
• Судың қысымының жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
Цикл аяқталғаннан
кейін жуғыш зат
үлестіргіште шамалы
жуғыш зат қалды.
• Кір жуғыш машинадағы су қысымының жеткілікті екеніне көз
жеткізіңіз.
• Жуғыш заттың жуғыш зат үлестіргіштің ортасына салынғанына көз
жеткізіңіз.
• Шаю қақпағының дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
• Егер түйіршіктелген жуғыш затты пайдалансаңыз, жуғыш зат
таңдағыштың үстіңгі жақта тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Шаю қақпағын алып, жуғыш зат үлестіргішті тазалаңыз.
Қатты дірілдейді немесе
шуыл шығарады.
• Кір жуғыш машинаның тайғанақ емес тегіс, қатты еденге
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Егер еден тегіс болмаса, кір жуғыш машинаның биіктігін реттеу үшін
реттегіш тіректерді пайдаланыңыз.
• Тасымал болттарының алынғанын тексеріңіз.
• Кір жуғыш машинаның басқа затқа тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Кірдің теңгерімі дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.
• Қалыпты жұмыс барысында қозғалтқыштан шуыл шығуы мүмкін.
• Жұмыс комбинизондарын немесе темірмен безендірілген киімдерді
жуған кезде шуыл шығаруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
• Тиын тәрізді темір заттардан шуыл шығады. Жуып болғаннан кейін
осы заттарды барабаннан және сүзгінің корпусынан алыңыз.
WW5000J(SERK)-03578B-04_KZ (CIS).indd 42 2015-12-22 8:02:10
Comments to this Manuals