Samsung LE32C650L1W User Manual Page 158

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 209
  • Table of contents
  • TROUBLESHOOTING
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 157
2
Қазақша
Аталмыш пайдаланушыға арналған нұсқаулықтағы суреттер мен иллюстрациялар тек жалпылама ақпарат ретінде ғана берілген және олар
құрылғының нақты көрінісінен өзгеше болуы мүмкін. Өнімнің дизайны мен техникалық сипаттамасы алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Сандық теледидарға қатысты құлақтандыру
1. Сандық теледидар (DVB) функциялары тек DVB-T (MPEG2 және MPEG4 AVC) сандық жерүсті сигналдары таратылатын немесе DVB-C (MPEG2 және
MPEG4 AAC) сигналдарымен сыйысымды кабельдік телевизия қызметі көрсетілетін елдер/аймақтарда ғана бар. DVB-T немесе DVB-C сигналдарын
қабылдау мүмкіндігінің бар-жоғын білу үшін жергілікті дилерге хабарласыңыз.
2. DVB-T дегеніміз, сандық жерүсті сигналдарын таратуға қатысты, ал DVB-C дегеніміз, сандық сигналдарды кабельдік теледидар арқылы қабылдау
бойынша DVB Еуропалық консорциум стандарты болып табылады. Дегенмен, EPG (Бағдарламалардың Электрондық Нұсқаулығы), VOD (Сұраныс
бойынша Видео) тағы сол сияқты ерекше функциялардың түрі бұл нұсқаулықта қамтылмаған. Сондықтан оларға осы сәтте қолдау көрсетілмейді.
3. Бұл теледидар DVB-T және DVB-C соңғы стандарттарына [Тамыз, 2008] сай жасалса да, аталмыш теледидарға бұдан кейін шығатын DVB-T сандық
жерүсті және DVB-C кабельдік теледидар таратылым сигналдарын қолдайды деген кепілдік берілмейді.
4. Теледидар қолданылатын ел/аймақ түрлеріне қарай, кейбір кабельдік теледидар қызметінің провайдерлері көрсеткен қызметтері үшін қосымша төлемақы
алуы және сіздің олар көрсетіп отырған қызмет шарттарына келісім беруіңіз қажет болуы мүмкін.
5. Кейбір елдер немесе аймақтарда сандық теледидардың кей функциялары жұмыс істемеуі және кабельдік теледидар провайдерлерінің кейбірі DVB-C
қызметін дұрыс көрсете алмауы мүмкін.
6. Қосымша ақпаратты жергілікті Samsung тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласып алыңыз.
Теледидардың сигналдарды қабылдау сапасына елдер арасындағы сигнал тарату тәсілдерінің әртүрлі болуы әсер етуі мүмкін. Теледидардың қалай
жұмыс жасайтынын жергілікті SAMSUNG уәкілетті дилеріне немесе Samsung телефон арқылы хабарласу орталығына хабарласып, оны теледидарды
қайта конфигурациялау арқылы реттеуге болатын-болмайтынын тексеріңіз.
Қимылсыз бейнеге қатысты ескерту
Бейнебетте қимылсыз бейнені (мысалы, jpeg суреттерінен тұратын файлдар) немесе қимылсыз бейне элементін (мысалы, теледидар
бағдарламасының логотипі, панорама немесе 4:3 пішіміндегі сурет, экранның төменгі жағынан биржа жаңалықтары немесе жаңалықтар т.с.с.)
көрсетпеңіз. Қимылсыз бейнені үздіксіз көрсету бейнебет люминофорының әркелкі желінуіне алып келеді, нәтижесінде бейне сапасына нұқсан
келеді. Осы әсердің салдарын азайту үшін төмендегі ұсыныстарды орындаңыз:
Теледидардан бір арнаны ұзақ уақыт көрмеңіз. y
Кез келген суретті теледидар экранына толық ашып көріңіз, ол үшін теледидардың бейне пішімі параметрлері мәзірін қолданыңыз. y
Суреттің сапасын қалаған деңгейге қою үшін жарықтылық және контраст мәндерін ең аз мәнге қойыңыз, бұл мәннен асырсаңыз y
"бейнебеттің жануы" үрдісі тездетуі мүмкін.
Теледидардың "бейненің қалып қоюы" және "бейнебеттің жануы" тәрізді ақаулықтарды азайтуға арналған функцияларының барлығын y
жиі қолданыңыз, бұл туралы толығырақ ақпаратты, пайдаланушы нұсқаулығының тиісті тарауынан қараңыз.
Орнататын жерде қауіпсіз етіп дайындау
Ауа жақсы алмасып тұру үшін теледидар мен басқа заттар (мысалы, қабырға) арасындағы арақашықтықты жеткілікті түрде сақтаңыз.
Бұлай істемеген жағдайда, өрт шығу қатері орын алып немесе өнімнің ішкі температурасының жоғарылауы нәтижесінде оған зиян келуі мүмкін.
Теледидарды тұрғыға қойғанда не қабырғалық аспа жинаққа орнатқанда тек Samsung Electronics бөлшектерін ғана қолданыңыз.
Егер басқа өндіруші шығарған бөлшектерді қолдансаңыз, өнімге зақым келуі не ол құлап қалған жағдайда адам жарақаттануы мүмкін.
x
Өнімнің сыртқы көрінісі үлгі түріне қарай әртүрлі болуы мүмкін.
Түрғыға орнату. Қабырғалық аспа жинаққа орнату.
10 cm
10 cm
10 cm
10 cm
10 cm
10 cm
10 cm
BN68-02558F-Kaz.indb 2 3/31/2010 10:40:44 AM
Page view 157
1 2 ... 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 ... 208 209

Comments to this Manuals

No comments