Samsung C43J890DKI User Manual Page 50

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 57
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 49
50
Not Optimum Mode хабары көрсетіледі.
Бұл хабар графикалық картадан түскен сигнал өнімнің ең жоғары ажыратымдылығынан не
жиілігінен асып түскен жағдайда көрсетіледі.
Құрылғының өнімділігіне сәйкестеу үшін ең жоғары ажыратымдылықты және жиілікті
өзгертіңіз, стандартты сигнал режимінің кестесін қараңыз (Б.54).
Экрандағы бейнелер бұрмаланып көрінеді.
Құрылғы кабель қосылымын тексеріңіз.
Экран анық емес. Экран бұлыңғыр.
Барлық керек-жарақтарды (бейне кеңейтім кабелі, т.б.) алып тастап, әрекетті қайталаңыз.
Ажыратымдылық пен жиілікті ұсынылған деңгейде орнатыңыз.
Экран тұрақсыз және орнықсыз көрінеді. Экранда көлеңкелер мен қалдық бейнелер қалды.
Дербес компьютердің ажыратымдылығы мен жиілігі құрылғымен үйлесімді ажыратымдылық
және жиілік ауқымында орнатылғанын тексеріңіз. Келесі, қажет болса параметрлерді өзгертіп,
осы нұсқаулықтағы Қалыпты сигнал күйінің кестесін (Б.54) және құрылғыдағы Information
мәзірін қараңыз.
Экран тым жарық. Экран тым күңгірт.
Brightness және Contrast бөлімін реттеңіз.
Экран түсі сәйкес емес.
Color параметрлерін өзгертіңіз.
Экрандағы түстерде көлеңке бар және бұрмаланған.
Color параметрлерін өзгертіңіз.
Ақ түс шынымен ақ түс сияқты көрінбейді.
Color параметрлерін өзгертіңіз.
Экранда ешбір бейне жоқ және қуат жарық диоды 0,5 - 1 секунд сайын жыпылықтайды.
Құрылғы қуатты үнемдеу режимінде тұр.
Алдыңғы экранға қайту үшін пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз немесе тінтуірді
жылжытыңыз.
Мәтін бұлыңғыр.
Windows операциялық жүйесі (мысалы, Windows 7, Windows 8, Windows 8.1 немесе Windows
10) пайдаланылса: Басқару тақтасыҚаріптерClearType мәтінін теңшеу пәрменіне өтіп,
ClearType параметрін қосу мәнін ауыстырыңыз.
Бейне үзік-үзік ойнатылады.
Анықтығы жоғары, өлшемі үлкен бейне файлдары үзік-үзік ойнатылуы мүмкін. Ол бейне ойнату
құралының компьютер ресурсына оңтайландырылмағанынан болуы мүмкін.
Файлды басқа бейне ойнату құралында ойнатып көріңіз.
Дыбыс мәселесі
Дыбыс жоқ.
Дыбыс кабелінің байланысын тексеріңіз немесе дыбыс деңгейін реттеңіз.
Дыбыс деңгейін тексеріңіз.
Дыбыс деңгейі тым төмен.
Дыбыс деңгейін реттеңіз.
Егер дыбыс деңгейі ең жоғары деңгейге орнатқаннан кейін де төмен болса, дербес
компьютердің дыбыс картасын немесе бағдарламасын реттеңіз.
Бейне қол жетімді, бірақ дыбысы жоқ.
HDMI-DVI кабелі кіріс құрылғысына жалғау үшін қолданылса, дыбыс естілмейді.
Құрылғыны HDMI кабелімен, DP кабелімен немесе USB Type-C кабелімен жалғаңыз.
Қайнар көз құрылғы мәселесі
Дербес компьютерім қосылған кезде дыбыс шығады.
Дербес компьютер қосылған кезде дыбыс естілсе, дербес компьютеріңізге қызмет көрсету
керек.
Өнімнің жақтауындағы диодты шамдар пайдаланушының қарау бұрышына байланысты көрінуі
мүмкін. Бұл шам адамдар үшін зиянды емес және оның мүмкіндіктері мен жұмысына еш әсер
етпейді. Бұл өнімді пайдалану қауіпсіз.
Page view 49
1 2 ... 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57

Comments to this Manuals

No comments