Samsung WF-M509NZW User Manual Page 104

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 120
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 103
24_ Кір жуу
Балалардан қорғайтын құлып
«Балалардан қорғайтын құлып» бұғаттау қызметі балалар таңдалған кір
жуу тəртібін өзгерте алмас үшін түймешелерді бұғаттап тастайды.
Қосу/Өшіру
«Балалардан қорғайтын құлып » қызметін
қосу немесе өшіру үшін Сығым жəне Қызмет
түймешелерін бір уақытта басып, 3 секунд
бойы ұстап тұрыңыз. Қызмет қосылған кезде
балалардан қорғайтын құлып индикаторы жанады.
«Балаларға арналған құлып» қызметі қосылып
тұрған кезде, «Қосу» түймешесі ғана жұмыс
істейді. «Балаларға арналған құлып»
қызметі қуатты өшіріп, қосқанда да немесе
қуат кабелін ажыратып қайта қосқанда да
істеп тұрады.
Дыбысын өшіру
Дыбысын өшіру қызметін барлық режимдерге қосуға болады. Егер бұл
қызмет таңдалса, барлық режимдер үшін дыбысы өшіп тұрады. Қуат
бірнеше рет қосылып, өшірілсе де баптаулары өзгеріссіз қалады.
Қосу/Өшіру
Егер «Дыбысын өшіру» қызметін қосу немесе
сөндіру қажет болса, Қызмет жəне
Кейін бастау
батырмаларын бір мезгілде 3 секундқа басыңыз.
Кеңес үні берілген кезде «Дыбысын өшіру» режимі
белсендіріледі.
Жууды кейін бастау
Кір жуғыш машина кір жууды автоматты түрде кейінірек аяқтау үшін, 3
сағат пен 19 сағат аралығындағы (арасы 1 сағаттан) уақытты таңдап,
кір жуғыш машинаны бағдарламалап қоюға болады. Көрсетілетін уақыт
– кір жуудың аяқталу уақыты.
1. Жуылатын кірдің матасына қарай кір жуғыш машинаға қолмен немесе
автоматты түрде бағдарлама орнатыңыз.
2. Қажетті уақыт орнағанға дейін Кейін бастау түймешесін бірнеше рет
басыңыз.
3. Қосу/Тоқтатып қою түймешесін басыңыз. «Кейін бастау » индикаторы
жанады да, сағат кір жууды аяқтау уақытына қарай азая бастайды.
4. «Кейін бастау» қызметін тоқтату үшін, Қосу түймешесін басыңыз
содан кейін, кір жуғыш машинаны қайтадан қосыңыз.
Кір жуу
3 сек.
3 сек.
WF0500NZ-02877B-02_KK.indd 24 2010-11-30 9:20:09
Page view 103
1 2 ... 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 ... 119 120

Comments to this Manuals

No comments