Samsung WF-M509NZW User Manual Page 105

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 120
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 104
Кір жуу _25
02 КІР ЖУУ
Циклды ауыстырғышты пайдалана отырып кір жуу
Samsung компаниясы шығарған Fuzzy Control кір жууды автоматты басқару
жүйесінің арқасында кір жуу оңай, əрі ұнамды іс болады. Кір жуу
бағдарламасын таңдаған кезде машина дұрыс температураны, кір жуу
уақыты мен жылдамдығын өзі белгілейді.
1. Су құбыры кранын ашыңыз.
2. Қосу түймешесін басыңыз.
3. Есігін ашыңыз.
4. Заттарды кезекпен мөлшерден асырмай машина багына тығыздамай бос
етіп салыңыз.
5. Есігін жабыңыз.
6. Бөліктерге сəйкес келетін кір жуу құралын, кір жууға арналған
кондиционер мен алдын ала арнайы арналған бөліктеріне салыңыз.
Алдын ала кір жуу режимі «Мақта», «Синтетика», «Қатты
ластанғандар» жəне «Күнделікті» циклдары таңдалса ғана қосылады.
Мұндай жуу заттар өте кір болса ғана қолданылады.
7. Мата түріне сəйкес қажет циклді таңдау үшін цикл ауыстырғышты
пайдаланыңыз: «Мақта», «Қатты ластанғандар», «Синтетика»,
«Күнделікті», «Жүнді қолмен жуу» жəне «Тез 15 мин.». Басқару
панелінде сəйкес индикаторлар жанып тұрады.
8. Енді сəйкес түймешелердің көмегімен кір жуу температурасын, шаю
санын, сығудың айналым саны мен кейінге қалдыру уақытын таңдауға
болады.
9. Қосу/Тоқтатып қою түймешесін басыңыз, кір жуу басталады. Кір
жуу индикаторы жанып, дисплейде кір жуу циклінің қалған уақыты
көрсетіледі.
Тоқтатып қою қызметі
Кір жуу басталғаннан кейін 5 минут ішінде кірді қосуға немесе
азайтуға болады.
1. Есігін ашу үшін Қосу/Тоқтатып қою түймешесін басыңыз.
Егер су өте ЫСТЫҚ немесе су деңгейі өте ЖОҒАРЫ болса, есікті
ашуға болмайды.
2. Есігін жапқаннан кейін кір жууды жалғастыру үшін Қосу/Тоқтатып қою
түймешесін басыңыз.
Кір жуу циклі аяқталды.
Кір жуу циклі толығымен аяқталғаннан кейін кір жуғыш машина қуаты
автоматты түрде өшеді.
1. Есігін ашыңыз.
2. Кірді шығарыңыз.
WF0500NZ-02877B-02_KK.indd 25 2010-11-30 9:20:13
Page view 104
1 2 ... 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 ... 119 120

Comments to this Manuals

No comments