Samsung SM-G900FD User Manual Page 6

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 245
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 5
6
Алдымен оқу
Бұл құрылғы Samsung компаниясының соңғы стандарттары мен технологиялық біліктілігін
пайдаланып мобильді байланыс пен медиа қызметтерін қамтамасыз етеді. Бұл пайдаланушы
нұсқаулығы және www.samsung.com сайтында қол жетімді ақпарат құрылғының функциялары
мен мүмкіндіктері туралы мәліметтерді қамтиды.
•
Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты
оқып шығыңыз.
•
Сипаттамалар құрылғының әдепкі параметрлеріне негізделген.
•
Аймаққа, қызмет көрсетушіге немесе құрылғының бағдарламалық құралына байланысты
құрылғыдағы кейбір мазмұн басқаша болуы мүмкін.
•
Орталық процессорды және ЖЖҚ көп пайдалануды қажет ететін мазмұн (жоғары
сапалы мазмұн) құрылғының жалпы өнімділігіне әсер етеді. Құрылғының техникалық
сипаттамаларына және пайдаланылатын ортаға байланысты мазмұнға қатысты
қолданбалар дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
•
Samsung компаниясынан басқа кез келген провайдер қамтамасыз еткен қолданбалар
тудырған өнімділік мәселелеріне Samsung жауапты емес.
•
Samsung өңделген тізбе параметрлері немесе өзгертілген операциялық жүйе
бағдарламасы тудырған өнімділік мәселелеріне немесе үйлесімсіздіктерге жауапты емес.
Операциялық жүйені реттеуге тырысу құрылғының немесе қолданбалардың қате жұмыс
істеуін тудыруы мүмкін.
•
Бұл құрылғымен бірге берілген бағдарламалық жасақтама, дыбыс көздері, тұсқағаздар,
суреттер және басқа мультимедиа шектеулі пайдалану үшін лицензияланған. Бұл
материалдарды шығарып алып, коммерциялық немесе басқа мақсаттарға пайдалану
авторлық құқық туралы заңдарды бұзғандық болып саналады. Мультимедианы заңсыз
пайдалануға толығымен пайдаланушылар жауапты.
•
Хабар алмасу, кері жүктеу және жүктеу, авто синхрондау немесе орынды анықтау
қызметтерін пайдалану сияқты деректер қызметтері үшін қосымша ақылар алынуы
мүмкін. Қосымша ақыларды болдырмау үшін тиісті деректер тарифтік жоспарын
таңдаңыз. Мәліметтерді алу үшін қызмет көрсетушіге хабарласыңыз.
•
Құрылғымен бірге келетін әдепкі қолданбалар жаңартылуы керек және алдын ала
ескертусіз енді қолдау көрсетілмеуі мүмкін. Егер құрылғымен бірге берілген қолданба
туралы сұрағыңыз болса, Samsung сервис орталығына хабарласыңыз. Пайдаланушы
орнатқан қолданбалар үшін қызмет көрсетушілерге хабарласыңыз.
•
Құрылғының операциялық жүйесін өзгерту немесе ресми емес көздерден
бағдарламаларды орнату құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне және деректердің
бүлінуіне немесе жоғалуына әкелуі мүмкін. Бұл әрекеттер Samsung лицензиялық
келісімін бұзу болып табылады және кепілдікті жоюы мүмкін.
Page view 5
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 ... 244 245

Comments to this Manuals

No comments