Samsung HW-H430 User Manual Page 32

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 63
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 31
11
KAZ
БАЙЛАНЫСТАР
СЫМСЫЗ САБВУФЕРГЕ ҚОСЫЛУ
Арна идентификаторы (ID) зауытта жасалу кезінде орнатылады, сондықтан негізгі құрылғы мен
сабвуфер құрылғыны қосқан кезде автоматты түрде байланысуы керек. Егер негізгі құрылғы мен
сабвуфер қосылған кезде байланыс көрсеткіші (
STANDBY
LINK
) жанбаса, идентификаторды төмендегі процесті
орындау арқылы орнатыңыз.
Өнімді жылжытпас немесе орнатпас бұрын, қуаттың және қуат сымының ажыратылғанын тексеріңіз.
Егер негізгі құрылғы өшірілсе, сымсыз сабвуфер күту режимінде болады және Link
(Байланыс) көрсеткіші (көк ЖШД) 30 секунд жыпылықтағаннан кейін жоғарғы жақтағы
STANDBY LED (КҮТУ ЖШД) қосылады.
Егер жүйенің жанында бірдей жиілікті (2,4 ГГц) пайдаланатын құрылғыны қолдансаңыз,
кедергіден дыбыстың жоғалып кетуі мүмкін.
Сымсыз сигналдардың жіберілу ара қашықтығы шамамен — 10 м, алайда жұмыс істеу
ортасына байланысты басқаша болуы мүмкін. Егер негізгі құрылғы мен сымсыз
сабвуфердің арасында темір бетонды немесе метал қабырға болса, сымсыз сигналдар
темірден өте алмайтын болғандықтан жүйе мүлде жұмыс істемеуі мүмкін.
Егер негізгі құрылғының сымсыз байланысы орнамаған болса, жоғарыдағы 1-5
қадамдарды қайтадан жасаңыз.
Сымсыз сигналдар қабылдайтын антенна сабвуфердің ішіне орнатылған. Құрылғыны
судан және ылғалдан аулақ ұстаңыз.
Оңтайлы түрде тыңдау үшін, сымсыз сабвуфердің айналасында кедергілердің жоқ
екенін тексеріңіз.
1.
Негізгі құрылғы және сабвуфердің қуат сымдарын айнымалы ток розеткасына қосыңыз.
2.
Сабвуфердің артқы жағында орналасқан
ID SET
түймесін шағын өткір затпен 5 секунд басып
тұрыңыз.
STANDBY көрсеткіші өшірулі болады, ал LINK көрсеткіші (КӨК) тез жыпылықтайды.
3.
Негізгі құрылғы өшіріліп тұрғанда (STANDBY (Күту) режимі) қашықтан
басқару құралындағы
MUTE
түймесін 5 секунд басып тұрыңыз.
4.
Негізгі құрылғының ВФ дисплейіне (VFD)
ID
SET
хабары шығады.
5.
Байланысты аяқтау үшін сабвуфердің Көк ЖШД жыпылықтап тұрғанда
негізгі құрылғының қуатын қосыңыз.
Негізгі құрылғы мен сабвуфер қазір байланысты (қосылды).
Сабвуфердің Link (Байланыс) көрсеткіші (көк ЖШД) қосылды.
Дыбыс әсерін таңдау арқылы сымсыз сабвуферден дыбысты жақсырақ
естуге болады.
LINK (Байланыс) көрсеткіші үздіксіз көк болып жанбаса, байланыстыру
процесінің орындалмағаны. Негізгі құрылғыны өшіріп, 2-қадамнан қайта
бастаңыз.
STANDBY
LINK
02755K-HW-H430 RU-KAZ-01-20170203.indd 11 2017/2/3 10:44:46
Page view 31
1 2 ... 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 ... 62 63

Comments to this Manuals

No comments