Samsung HW-H430 User Manual Page 38

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 63
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 37
17
KAZ
ФУНКЦИЯЛАР
еледидармен жұптау>
Soundbar жүйесінде Bluetooth байланысы арқылы теледидар дыбысын шығару үшін алдымен жүйені Bluetooth
үйлесімді теледидармен жұптау қажет. Жұптау орнатылғаннан кейін жұптау туралы ақпарат жазылып, сақталады және
келесі ретте ешбір қосымша Bluetooth байланысы туралы ақпарат пайда болмайды. Жұптамастан бұрын, Soundbar
жүйесі мен теледидарды бірге жақын қойыңыз.
1. Samsung теледидарын және Soundbar жүйесін қосыңыз.
Теледидардың «Soundconnect Setting (Soundconnect параметрлері)» мәзіріндегі «Add New Device» (Жаңа
құрылғы қосу) параметрін On (Қосулы) күйіне орнатыңыз.
2. Soundbar режимін TV деп өзгерткенде, Bluetooth арқылы жұптауды жалғастыру керектігі туралы сұрайтын хабар пайда
болады. Теледидардың экранында «[Samsung] Soundbar» хабары пайда болады.
3. Теледидар экранында <Yes> (Иә) пәрменін таңдаңыз, сонда Soundbar жүйесімен жұптау аяқталады.
Жұптау орнатылғаннан кейін Soundbar құрылғысын басқа кіріс режимдерінен ТД режиміне өзгерткенде, ол
теледидарға автоматты түрде қосылады.
Soundbar жүйесін теледидар режимінен кез келген басқа режимге өзгерту Soundconnect қосылымын үзеді.
Егер Soundbar құрылғысын теледидарға бар жұптаудан бас тарту және Soundbar құрылғысын басқа теледидарға
жұптау керек болса.
- Бар жұптауды болдырмау үшін теледидар кіріс режимінде Soundbar жүйесіндегі PLAY /PAUSE түймесін 5
секунд бойы басыңыз. Енді оны басқа теледидармен жұптауға болады.
Soundconnect режимінде теледидардың қашықтан басқару құралын да, Soundbar құрылғысының қашықтан
басқару құралын да пайдаланып, дыбыс деңгейін басқаруға немесе дыбысты өшіруге болады.
ТД Soundconnect функциясының жұмыс ауқымы
- ұсынылған жұптау ауқымы: 50 см ішінде
- ұсынылған жұмыс ауқымы: 5 м ішінде
Егер Soundbar жүйесі мен Samsung теледидары арасындағы қашықтық 5 м-ден асса, қосылым немесе
дыбыс өшуі мүмкін. Егер бұл орын алса, Bluetooth құрылғысын жұмыс ауқымында қайтадан қосыңыз.
Бұл функцияны пайдаланбай тұрып Samsung ТД Soundconnect режимі қосулы екенін тексеріңіз.
PLAY, NEXT, PREV, STOP (ОЙНАТУ, КЕЛЕСІ, АЛДЫҢҒЫ, ТОҚТАТУ) түймелері Soundconnect режимінде
жұмыс істемейді.
Bluetooth POWER On функциясын пайдалану
- Bluetooth POWER On функциясын Soundbar жүйесін Bluetooth функциясымен үйлесімді теледидарға TV
SoundConnect арқылы жалғағаннан кейін қолдануға болады. Bluetooth POWER On функциясы қосулы болған
кезде, жалғанған теледидарды қосса немесе өшірсе, Soundbar қуаты да қосылып, өшеді.
- Теледидарды Soundbar жүйесіне TV SoundConnect функциясы арқылы жалғаңыз.
- Soundbar жүйесінің қашықтан басқару құралындағы Bluetooth POWER түймесін басыңыз. Soundbar
жүйесінің дисплейінде "BLUETOOTH POWER ON" хабары көрсетіледі.
- BLUETOOTH POWER ON : Теледидарды қосқан және өшірген сайын Soundbar жүйесі де қосылады және
өшіріледі.
- BLUETOOTH POWER OFF : Soundbar жүйесі тек теледидарды өшіргенде ажыратылады.
- Бұл функцияға тек 2013 жылдан бастап шығарылған кейбір Samsung теледидарларында қолдау көрсетіледі.
- Soundbar жүйесі теледидарға TV SoundConnect функциясы арқылы қосылған жағдайда Soundbar жүйесін
теледидарды өшіру арқылы ажыратқанда, басқа Bluetooth құрылғысын жалғаған болсаңыз да Bluetooth
POWER On функциясы Soundbar жүйесін іске қоспайды.
Soundconnect функциясына 2012 жылдан бастап шығарылған кейбір үлгілер қолдау көрсетеді. Бастау
алдында теледидар Soundconnect қолдайтын-қолдамайтынын тексеріңіз. (Қосымша ақпарат алу үшін
теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз)
USB
1.
USB құрылғысын құрылғының жанындағы USB портына жалғаңыз.
2.
Soundbar құралының бүйір панеліндегі
( )
түймесін USB пайда болғанша қайталап баса беріңіз.
3.
Экранда USB жазуы көрсетіліп, өшеді.
Soundbar қосылымы аяқталды.
25 минуттан көбірек ешбір USB құрылғысы жалғанбаса, Soundbar автоматты түрде өшеді (Auto Power Off).
USB құрылғысын қоспас бұрын
Мыналарды ескеріңіз:
USB құрылғысындағы қалтаның файл атауы 10 таңбадан асатын болса, ол
VFD экранында көрсетілмейді.
Өнімнің USB жад құралының арнайы түрлерімен үйлесімді болмауы
мүмкін.
Soundbar FAT16 және FAT32 файлдық жүйелерін қолдайды.
- NTFS файлдық жүйесіне қолдау жоқ.
02755K-HW-H430 RU-KAZ-01-20170203.indd 17 2017/2/3 10:44:55
Page view 37
1 2 ... 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 ... 62 63

Comments to this Manuals

No comments