Samsung NQ50J5530BS/WT User Manual Page 155

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 288
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 154
Қазақ11
Қауіпсіздік нұсқаулары
Пешті осы нұсқаулықта көрсетілген қашықтықтарды сақтап орнатыңыз. (Микротолқынды пешті
орнату тарауын қараңыз.)
Пештің қасында орналасқан розеткаларға басқа электр құрылғыларын жалғаған кезде абай
болыңыз.
Микротолқын қуатының әсерінен сақтандыруға арналған қауіпсіздік
шаралары. (Тек микротолқынды пеш функциясы үшін)
Төмендегі сақтық шаралары орындалмаса, микротолқын қуатының қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.
A. Ешқашан есігі ашық тұрған пешті іске қосам деп әрекет жасауға немесе қауіпсіздік тетігін
(есіктің бекітпесі) бұзуға немесе қауіпсіздік тетігінің саңылауларына бөгде зат сұғуға болмайды.
B. Пештің есігі мен алдыңғы жағының арасына ештеңе ҚЫСТЫРМАҢЫЗ немесе
тығыздағыштарға тағам немесе тазалағыш заттың қалдықтары жиналуына жол бермеңіз. Есік
пен есік тығыздағышының беттерін, пеш жұмыс жасап болғаннан кейін дымқыл шүберекпен
сүртіп, содан кейін жұмсақ, құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
C. Пеш бұзылып қалса, оны өндіруші тарапынан микротолқынды пешті жөндеу бойынша
дайындықтан өткізілген техник жөндемейінше ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Пеш есігінің дұрыс
жабылуы мен төмендегілерге еш нұқсан келмеудің ерекше маңызы бар:
1) есік (майысқан)
2) есіктің топсалары (сынық немесе босап қалған)
3) есіктің тығыздағышы және тығыздағыш беттер
D. Бұл пешті өндіруші тарапынан микротолқынды пешті жөндеу бойынша дайындықтан тиісті
түрде өткізілген техниктен басқа адам жөндеуге тиіс емес.
Құрылғының керек-жарақтарын ауыстыру немесе косметикалық зақымдарды жөндеу
жұмыстарын, пайдаланушы құрылғыға зақым келтірсе және/немесе керек-жарақтарын жоғалтып
алса, Samsung жөндеу жұмыстарын ақылы түрде іске асырады. Бұған келесі жағдайлар жатады:
A. Соғылған, сызылған немесе сынған есік, тұтқа, сыртқы панель немесе басқару панелі.
B. Сынған немесе жоғалып кеткен науа, сырғыма жол, жалғастырғыш немесе темір тор.
Құрылғыны тек осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген мақсатта ғана қолданыңыз.
Бұл пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген “Ескертулер” мен “Қауіпсіздік нұсқауларында”,
орын алуы ықтимал жағдайлар мен оқиғалардың барлығы бірдей қамтылмаған. Құрылғыны
абайлап, сақтықпен орнатуға, күтім көрсетуге, іске қосуға өзіңіз міндеттісіз.
Себебі бұл нұсқауларда құрылғының әр түрлі үлгілері қамтылғандықтан, микротолқынды
пешіңіздің техникалық сипаттамасы, осы нұсқаулықта көрсетілген құрылғылардан сәл өзгеше
болуы және ескерту белгілерінің барлығы бірдей сізге қатысты болмауы мүмкін. Толғандырып
жүрген мәселе немесе сұрағыңыз болса, жақын орналасқан жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз немесе www.samsung.com веб-сайтынан ақпарат және көмек
алыңыз.
NQ50J5530BS_WT_DE68-04355G-00_KK.indd 11 4/9/2015 4:34:20 PM
Page view 154
1 2 ... 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 ... 287 288

Comments to this Manuals

No comments