Samsung WD1704WQR User Manual Page 106

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 184
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 105

кір жуғыш машина
параметрлерін орнату


Ешқашан ұзартқыш сымды қолданбаңыз.
Тек кір жуғыш машинамен бірге жеткізілетін қуат сымын ғана қолданыңыз.
Орнатуға дайындалу барысында, қуатпен жабдықтау параметрлерін тексеріңіз:
 220-240VВ/50Гц сақтандырғыш немесе айырып-қосқыш
 Тек кір жуғыш машинаның өзіне арналған жеке желі құралын қолданыңыз
Кір жуғыш машинаңызды желіге қосу керек. Егер машинаңыз сынып немесе жұмыс
істемей қалса, жер қосылымы, электр тоғының ағымына ең төмен деңгейде қарсы тұруға
көмектесіп, электр қатерінен сақтандырады.
Кір жуғыш машинаңыз, жерге дұрыс қосылған розеткаға сұғуға арналған, үш істікшелі
жерге қосылатын ашамен жабдықталған.
Жерге қосылатын сымды ешқашан пластик құбыр жүйесіне, газ жүйесіне не ыстық
су құбырына жалғамаңыз.
Құрылғыны жерге қосатын өткізгіш дұрыс жалғанбағанда электр қатері орын алады.
Кір жуғыш машинаның жерге дұрыс қосылғанына көзіңіз жетпесе, білікті электрші немесе
қызмет көрсету маманына хабарласыңыз. Кір жуғыш машинамен бірге жеткізілген
ашаны өзгертпеңіз. Егер ол розеткаға сай келмесе, электр маманын шақыртып, сай
келетін розетка орнаттыртып алыңыз.

Судың қысымы 50 кПа ~ 800 кПа болған кезде кір жуғыш машинаға су дұрыс толады.
Судың қысымы 50 кПа мәнінен аз болса, судың тығырығы жұмыс істемей, толық
жабылмай қалуы мүмкін. Немесе, кір жуғыш машинаға басқару құралдарының су
өткізгіштік қарқынына қарамай, су баяу құйылуы, нәтижесінде кір жуғыш машина сөніп
қалуы мүмкін. (Су құю аяқталатын уақыт, басқару құралдарына кіріктірілген ішкі түтікше
босап кетсе, су тасып/ағып кетпес үшін қажет.)
Су шүмектеріне машинамен бірге жеткізілген су құятын түтіктер жететіндей болуы үшін,
олар кір жуғыш машинаның арт жағынан 120см-ден қашық емес жерде орналасуға тиіс.
Құбыр жүйесіне арналған тауарлар сатылатын дүкендердің көпшілігінде, ұзындығы
305 см дейінгі, су құятын әр түрлі түтіктер сатылады.
Су жылыстап ағу немесе төгіліп қалудың алдын алу үшін мына шараларды
орындауыңызға болады:
• Су шүмектерін қол оңай жететін жерге орналастыру.
• Кір жуғыш машинаны іске қоспаған кезде шүмектерді жауып қою.
• Су құятын түтіктің тетіктерінен су ағып тұрған-тұрмағанын уақытылы тексеріп
отыру.
Кір жуғыш машинаңызды ең алғаш іске қосардың алдында, су тығырығы мен
шүмектеріндегі тетіктердің барлығын тексеріп, су ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.


WD1704WQ-03033C-08_KK.indd 14 2015/1/23 17:57:42
Page view 105
1 2 ... 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 ... 183 184

Comments to this Manuals

No comments