Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі _3
• Жылдамжуу
Әрбір минут санаулы! Біздің 15 минуттық Жылдам жуу мүмкіндігі жуып, ісіңізге
асығуға мүмкіндік береді. Жылдам жуу бағдарламамыз оқиғаға толы өміріңізді
ауыздықта ұстауға көмектеседі – сүйікті киімдеріңізді (2 кг-ға дейін) ендігі жерде бар
болғаны 15 минут ішінде жуа аласыз!
• Ecoбарабанынтазарту
Eco барабанын тазарту мүмкіндігін пайдалану кір жуғыш машинаны аса таза ұстауға
мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндіктің, Eco/Performance таңдауына қарай, барабанды
тазалайтын химиялық тазалағыш реагенттерді пайдалану (немесе пайдаланбау)
опциясы бар – жақсы нәтижені химиялық реагенттердің көмегінсіз-ақ көрсету үшін
цикл Samsung компаниясы арқылы арнайы жасалды. Барабан ішінде ыстық суды
(70ºC) айналдыратын осы арнайы тазалау бағдарламасы арқылы барабанды
тазаланған және иіссіз күйде ұстаңыз, түбегейлі тазалау циклінің ұзақтығы 90
минуттан аспайды. Бұл жалғыз қалдырылған жағдайда өсіп, иістер мен түссізденуге
әкелуі мүмкін барабан ішіндегі зең мен бактериялардан арылу үшін тиімді.
Eco Bubble мүмкіндігінің қолдауымен де жақсы жұмыс жасайды, осылайша
маталарды үнемі салқындау келетін температураларда жууға және гигиена деңгейінің
жоғары болуы үшін кір жуғыш барабанды аракідік тазалап тұруға мүмкіндік береді.
• Балаларданқорғайтынқұлып
«Балалардан қорғайтын құлып» басқару панелінің бұғаттау қызметі балалардың
машина жұмысына араласпауына мүмкіндік береді.
Аталған қызметті қосқан кезде машинаны пайдалану процесі ойнап жүрген
балалардан қорғалып тұрады.
• Жуудыкейінбастау
Бұл қызмет кір жуғыш машинасын өзіңізге ыңғайлы уақытта пайдалану үшін (арасы 1
сағаттан 19 сағаттан артық емес) кір жууды кейін бастауға мүмкіндік береді.
• Сандықграфикалықдисплей
Сандық графикалық дисплейдің басқару панелі түсінікті және сабылысты азайту
үшін пайдалануға ыңғайлы етіп жасалған. Пайдалануды оңай еткенімен қоймай,
сандық графикалық дисплей керемет жуу нәтижелеріне қол жеткізу үшін жуу циклына
жылдам және дәл түзетулер жасауға мүмкіндік береді.
• Кеңіненашылатынесік
Кеңінен ашылатын есігі қарауға ыңғайлы! Енді төсек жабдықтары, орамал және
т.б. сияқты көлемді заттарды да машинаға салып, шығару ешқандай қиындық
тудырмайды.
• Суішекқұбырыжәнесудыңаққанынанықтайтынсенсор
(кейбіртүрлеріндебар)
Samsung кір жуғыш машиналарының ақылды түрде жасалған су қауіпсіздігінің жүйесі
судың ағуын дәл ағатын тұсынан тоқтатуға арналған ақылды ішекқұбырды және
машинаның төменгі жағында орналасқан судың аққанын анықтайтын сенсорды
қамтиды. Егер ішекқұбыр жыртылып кетсе немесе судың аққаны байқалса, судың
түтікшеден ағуын тоқтату үшін ішкі су сіңіргіш жөкені шығарады.
• Керамикалықжылытатынбөлігініңсенімділігіөтежоғары
жәнеүнемді(кейбіртүрлеріндебар)
Жаңа керамикалық жылытатын бөлік қарапайым жылытатын бөліктерге қарағанда
екі есе сенімді, бұл жөндеуге кететін шығын мөлшерін азайтады. Сондай-ақ мұндай
жылытатын бөлікке қатты судан қақ тұрып қалмайды және ол электр энергиясын
үнемдеуге көмегін тигізеді.
Бұл нұсқаулықта Samsung кір жуғыш машинасын орнату, қолдану және күту бойынша
маңызды ақпараттар бар. Онда басқару панелі қалай жұмыс істейтіндігін, кір жуғыш
машинаның мүмкіндіктері мен барлық қызметтерін қалай қолдану керектігін біле аласыз.
37 беттегі «Ақаулықтардыжоюжәнеқатетуралыхабарламалардыоқу» бөлімінде
бүлінулер болған жағдайда не жасау керек екендігі көрсетілген.
WF1702WQ-02994F_KK.indd 3 2011-1-13 11:58:48
Comments to this Manuals