Samsung PS63B680T6W User Manual Page 206

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 284
  • Table of contents
  • TROUBLESHOOTING
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 205
Қазақша - 5
Мазмұн кітапханасын қолдану
Gallery
Бұл функция слайд көрмесін жоғары ажыратымдықтағы кескіндер мен өңдік әуен арқылы ойнатады және әртүрлі әсер
тудырады. Теледидардың галерея функциясын қолдану арқылы үйдегі ахуалды өзгертуге болады.
INFO түймешігін басып, суретке қатысты оң сипаттамалар мен егжей-тегжейлі ақпараттарды ағылшын тілінде
көріңіз (әзірше, оң сипаттамалар тек ағылшын тілінде ғана).
Слайд көрмесін ойнату барысында ENTER
E
түймешігін басып кідіртуіңізге болады.
Gallery мазмұны мен оларға қатысты барлық шығарылымдардың авторлық құқығы Timespace / JoongAng M&B, Inc.
компаниясында сақталады.
Cooking
Кейін рет-ретімен пайдалануға болатын әртүрлі рецептілерді қарауыңызға болады. Тамақ пісірудің керемет жолдарын
көрсететін осы мазмұнды игілігіңізге пайдаланыңыз.
Samsung теледидарының Cooking мазмұнында берілген рецепттер Anness Publishing жариялаған рецепттерге
негізделген.
Cooking мазмұнының және оларға қатысты барлық шығарылымдардың авторлық құқықтары Practical Pictures
компаниясында сақталады.
Children
Бұл балалардың қайталап көруіне болатын танымдық әрі интерактивті мазмұн болып табылады. Бува мен Квала
кейіпкерлерімен бірге бар әңгімелер, әндер мен ойындарды қызықтаңыз.
Children мазмұнының және оған қатысты барлық шығарылымдардың авторлық құқықтары UpToTen компаниясында
сақталады.
Wellness
Денсаулық сақтау туралы осы пайдалы мазмұнда бүкіл отбасы мүшелері қолдана алатын дене жаттығулары мен сылау
әдістері берілген.
Мазмұнды басқару
My contents
Бұл мазмұндар теледидардың жадына сақталған мазмұндардағыдай қолданылады. Сондай-ақ, мазмұнның әрқайсысын
ойнатуға және жоюға болады.
USB
Мазмұнды USB құрылғысына түсіруіңізге және теледидарда ойнатуыңызға болады. Сыртқы USB құралындағы
мазмұндар тікелей ойналады.
Content Library тек USB Mass Storage Class (MSC) құрылғыларына ғана қолдау көрсетеді. MSC – ағытпалы
деректер жинақтауыш құрылғысы. MSC құрылғыларының мысалы ретінде Thumb дискілерін, флэш карта оқу
құралдарын (USB HDD және HUB құрылғыларына қолдау көрсетілмейді) айтамыз.
Ойынды сыртқы USB жады құрылғысының көмегімен ойнасаңыз, ойынды сақтауға мүмкіндік аласыз (ойынға
байланысты). Деректерді USB жады құрылғысына сақтау кезінде USB құрылғысын суырғанда деректер жойылуы
мүмкін болғандықтан, абай болыңыз.
New Contents
Кіріктірілген мазмұндардан басқа жаңа мазмұн Samsung.com веб-торабында тегін беріледі.
Ақылы мазмұндарды қотарып алу үшін, UDN нөмірі қажет етіледі.
Жаңа мазмұн элементін қотармас бұрын UDN нөмірін тексеріңіз.
1. www.samsung.com веб-торабына барыңыз.
. Contents
Download бетінен қажетті мазмұн элементін таңдаңыз.
3. Мазмұнды USB жады құрылғысына қотарыңыз.
4. Content Library негізгі мәзіріне CONTENT түймешігін басып немесе Content Library
(MenuApplicationContent Library) таңдау арқылы барыңыз
5. USB жады құрылғысын теледидардың бүйіріндегі USB ұяшығына жалғаңыз.
6. Өзіңіз қотарып алған мазмұнның ішкі элементін көре аласыз.
. Мазмұн элементін таңдаңыз да, enter түймешігін басыңыз.
8. Таңдалған мазмұн элементін ойнатуыңызға болады.
Setup
Бейнебет қорғауышының жұмыс істейтін уақыты → 10 мин / 0 мин / 40 мин / 1 сағат
Бейнебет қорғауышы пайда болғанға дейінгі уақытты орнату үшін таңдаңыз.
UDN сақтау (Unique Device Number)
Бейнебеттегі 18-орынды саннан тұратын нөмір - өнімнің нөмірі.
UDN нөмірін USB құрылғысына сақтап қоюыңызға болады.
NTFS пішіміндегі USB құрылғысына UDN нөмірін сақтай алмайсыз. Аталмыш нөмірді FAT пішіміндегі USB
құрылғысына сақтауды ұсынамыз.
N
N
N
N
N
N
N
N
N
N
BN68-02113E-Kaz.indb 59 2009-4-9 10:08:43
Page view 205
1 2 ... 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 ... 283 284

Comments to this Manuals

No comments