Samsung SM-G900F User Manual Page 9

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 202
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 8
Жұмысты бастау
9
•
Антенна аумағын қолдармен немесе басқа заттармен жаппаңыз. Бұл байланыс
мүмкіндігі мәселелерін тудыруы немесе батареяны тауысуы мүмкін.
•
Экран қорғағышын пайдаланбаңыз. Бұл сенсор ақаулықтарын тудырады.
Су мен шаңға төзімділікті сақтау
Су немесе шаң кірсе, құрылғы зақымдалуы мүмкін. Құрылғының зақымдалуын болдырмау
және құрылғының суға және шаңға төзімділігін сақтау үшін осы кеңестерді мұқият
орындаңыз.
•
Құрылғыны 1 м тереңдеу суға батырмаңыз және оны 30 минуттан артық суда ұстамаңыз.
•
Артқы және көп мақсатты ұя қақпақтары тығыз жабылғанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе,
олар су мен шаңнан қорғанышты қамтамасыз етпеуі мүмкін.
•
Құрылғыны ұзақ уақытқа суға батырмаңыз.
•
Құрылғыға шүмек суы, мұхит толқындары немесе сарқырамалар сияқты қатты
қозғалып жатқан судың әсер етуіне жол бермеңіз.
•
Құрылғы суда немесе өте ылғалды орындарда, мысалы, бассейндерде немесе ванна
бөлмелерінде болғанда құрылғы қақпақтарын ашпаңыз.
•
Артқы қақпақты ылғалды қолмен немесе құрылғы ылғалды болған кезде ашпаңыз.
•
Артқы қақпаққа бекітілген резеңке тығыздағыш құрылғының маңызды құрамдасы
болып табылады. Артқы қақпақты ашқанда және жапқанда резеңке тығыздағышты
зақымдап алмаңыз. Құрылғының зақымдалуын болдырмау үшін резеңке тығыздағышта
құм немесе шаң сияқты қоқыстар жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
•
Көп мақсатты ұя қақпағын құрылғыдан ажыратпаңыз немесе алмаңыз.
•
Егер құрылғыға тұщы су тисе, оны таза, жұмсақ матамен сүртіңіз. Егер құрылғыға
таза судан басқа кез келген сұйықтық тисе, құрылғыны шүмек суымен шайыңыз
және таза, жұмсақ шүберекпен мұқият құрғатыңыз. Құрылғыны таза сумен
шаймасаңыз және нұсқау берілгендей құрғатпасаңыз, құрылғыда жұмыс
мәселелері немесе сыртқы түр мәселелері болуы мүмкін.
•
Арты және көп мақсатты ұя қақпақтары құрылғы түсіп қалса немесе соққы алса
босауы мүмкін. Барлық қақпақтар дұрыс тураланғанына және тығыз жабылғанына көз
жеткізіңіз.
Page view 8
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 ... 201 202

Comments to this Manuals

No comments