Samsung WF60F4E4W2W User Manual Page 119

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 184
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 118
Казақ - 23
03 ПАЙДАЛАНУ
Алдын ала жуу: Бұл функцияны негізгі жуу циклының алдында кірді алдын ала жуу үшін
пайдаланыңыз. Алдын ала жуу функциясы Хлопок (Мақта мата), Синтетика (Синтетика), Джинсы
(Джинсы), Удаление пятен (Дақ кетіру), Темные вещи (Баран киім), Ежедневная (Күнделікті жуу),
Интенсивная стирка Eco (Супер Эко жуу) және Детские вещи (Балаға арналған) циклдарында ғана
жұмыс істейді.
7. Жеңіл үтіктеу түймешігі
Кірді жеңіл үтіктелетін етіп дайындау үшін және Отжим (Айналдыру) циклы кезінде қатты мыжылып қалмас
үшін осы түймешікті басыңыз.
Легкое глажение (Жеңіл үтіктеу) функциясы келесі циклдарда ғана жұмыс істейді: Хлопок (Мақта мата),
Синтетика (Синтетика), Джинсы (Джинсы), Удаление пятен (Дақ кетіру), Темные вещи (Баран киім),
Ежедневная (Күнделікті жуу), Интенсивная стирка Eco (Супер Эко жуу) және Детские вещи (Балаға арналған)
циклдары.
Легкое глажение (Жеңіл үтіктеу) функциясы таңдалған кезде айналдыру циклының жылдамдығын 800 мин/
айн-ға дейін қоя аласыз. (Легкое глажение (Жеңіл үтіктеу) функциясының айналдыру жылдамдығын 800 мин/
айн-нан жоғары мәнге қойып таңдасаңыз, айналдыру циклының жылдамдығы автоматты түрде 800 мин/айн-ға
қойылады.)
8. Кешіктіріп аяқтау түймешігі
Бұл түймешікті циклді қолжетімді Отсрочка (Кешіктіріп аяқтау) параметрлерін (3 сағаттан бастап 19 дейін, бір
сағаттық қадаммен қойылады) қою үшін қайта-қайта басыңыз.
Көрсетілген уақыт жуу циклінің аяқталу уақытын білдіреді.
9. 15’ Жылдам жуу түймешігі
Шамалы кірлеген, 2 кг-нан аз кірді тез жуу үшін қолдануға болады. Бұл цикл кем дегенде 15 минут
орындалады, бірақ циклдің ұзақтығы судың қысымы, судың кермектігі, құйылатын судың температурасы,
бөлме температурасы, кірдің түрі/салмағы, кірдің деңгейі, қолданылған жуғыш зат, теңгерімсіз салмақ, электр
тоғының ауытқуы және қосымша таңдалған параметрлерге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Бұл цикл Хлопок (Мақта мата) циклында ғана жұмыс істейді.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: 20 г-нан аз жуғыш зат (2 кг кірге) пайдалану керек, әйтпесе жуғыш зат кірлерде
қалады.
Цикл уақытын таңдау үшін осы түймешікті қайта-қайта басыңыз:
15 мин. > 20 мин. > 30 мин. > 40 мин. > 50 мин. > 1 сағ. > Сөндіру
10. Бастау/Үзіліс түймешігі
Циклді үзіліске қою және қайта бастау үшін осы түймешікті басыңыз.
11. Қуат түймешігі
Кір жуғыш машинаны қосу үшін осы түймешікті бір рет басыңыз. Содан кейін осы түймешікті тағы бір рет
басып сөндіріңіз.
Қосылып тұрған кір жуғыш машинаның ешбір түймешігін 10 минуттан артық уақыт баспасаңыз, қуат автоматты
түрде сөнеді.
Untitled-8 23 2014-01-10 �� 2:46:39
Page view 118
1 2 ... 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 ... 183 184

Comments to this Manuals

No comments