Samsung WF8590NMS User Manual Page 106

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 160
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 105
26_ Кір жуу

Кір жуу режимін цикл ауыстырғышты қолданбай-ақ қолмен орнатуға
болады.
1. Су құбыры кранын ашыңыз.
2. Кір жуғыш машинадағы Қосу түймешесін басыңыз.
3. Есігін ашыңыз.
4.
Заттарды кезекпен мөлшерден асырмай машина барабанына тығыздамай бос етіп
салыңыз.
5. Есікті жабыңыз.
6. Кір жуу құралын, кір жууға арналған кондиционер және алдын ала кір
жуу құралын (қажет болса) арналған бөліктеріне салыңыз.
7. Кір жуу температурасын таңдау үшін Температура түймешесін басыңыз
(суық су, 30°С, 40°С, 60°С және 95°С).
8. Шаю циклінің қажетті санын таңдау үшін Шаю түймешесін басыңыз.
Шаю циклінің ең көп саны – бесеу.
Кір жуу уақыты сәйкесінше көбейеді.
9. Сығу жылдамдығын таңдау үшін Сығу түймешесін басыңыз.
Шаюды кідірту бағдарламасын таңдаған кезде кір жуғыш машинадан
сулы кірді шығарып алуға болады. (
: сығылмаған, Барлық
индикаторлары өшіп тұр: шайқауды кідірту).
10. Кір жууды кейінге қалдырудың қосылған түрлерін (арасы 1 сағаттан
3 сағаттан 19 сағатқа дейін) қайта қосу үшін аяқтау үшін Кейін
бастау түймешесін бірнеше рет басыңыз. Көрсетілетін уақыт – кір
жуудың аяқталатын уақыты.
11. Қосу/Тоқтатып қою түймешесін бассаңыз кір жуу басталады.

Тап таза киім мен кір жуудың жоғары нәтижесіне қол жеткізу үшін мына қарапайым
нұсқаулықты ұстаныңыз:
Кір жумас бұрын заттың жапсырмасында көрсетілген матаны күту
ерекшеліктерін әрқашан ескеріп отырыңыз.

Күту бойынша нұсқаулығы бар жапсырма. Мақта, аралас мата,
синтетика, жібек, жүн және вискозадан жасалған бұйымдарды жеке
жеке іріктеңіз.
Түсі. Түрлі түсті заттарды ақ түстен бөлек қойыңыз. Түрлі түсті
жаңа киімдерді жеке жуыңыз.
Көлемі. Бір циклда көлемі түрлі заттар салу, тиімді кір жууды
қамтамасыз етеді.
Нәзіктік. Ерекше матадан тігілген жүн, перде және жібек бұйымдарды
«Ұқыпты жуу» циклін пайдалана отырып бөлек жуыңыз. Заттардың
жапсырмасындағы кір жуу бойынша мәндерді немесе қосымшадағы матаны
күту туралы ақпаратты қараңыз.

Кір жумас бұрын барлық қалталарды босатыңыз. Тиын, пышақ, түйреуіш
және қағаз қыстырғыш сияқты қатты және өткір заттардың болуы кір
жуғыш машинаны бүлдіруі мүмкін. Ірі тоқылған, түймелері мен басқа да
ірі темір заттары бар киімдерді жумаңыз.
Киімдегі темір заттар киім мен бакты бүлдіруі мүмкін. Түймелері мен
кестелері бар киімдерді жумас бұрын теріс айналдырып қойыңыз. Егер
кір жуған кезде шалбарлар мен күртешелердің сыдырмасы ашылып тұрса,
олар бакты, резеңке тығыздағышты, есік әйнегін және басқа киімдерді
де бүлдіруі мүмкін.
Кір жуардың алдында сыдырмалар жабылып, баулары байлануы керек.
Киімдердің ұзын баулары киімнің басқа бөліктерімен шатысып, киімді
бүлдіруі мүмкін. Кір жуардың алдында баулардың дұрыс байланғанына көз
жеткізіңіз.
Кір жуу
WF8590NM-02796G-18_KK.indd 26 2017/3/2 20:57:22
Page view 105
1 2 ... 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 ... 159 160

Comments to this Manuals

No comments