Samsung MC28H5013AW-BW User Manual Page 97

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 176
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 96


Іске қосылып тұрған құрылғыны ашасынан тартып электр
желісінен ағытуға болмайды.
Саусақтарыңызды немесе бөгде затты құрылғыға сұқпаңыз,
егер оған бөгде зат, мысалы су кіріп кеткен жағдайда, ашаны
розеткадан суырыңыз да, жақын қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғыға шамадан тыс күш салмаңыз немесе баспаңыз.
Пешті раковина немесе шыны тәрізді осал заттардың үстіне
қоймаңыз.
Құрылғыны бензол, сұйылтқыш, алкоголь, бумен
тазалағыш немесе жоғары қысыммен тазалағыш заттармен
тазаламаңыз.
Кернеу, жиілік және тоқ параметрлерінің, өнімнің техникалық
параметрлеріне сай келетініне көз жеткізіңіз.
Ашаны розеткаға мықтап сұғыңыз. Көп ашалы адаптерді,
ұзартқыш сымды немесе электр трансформаторын
қолданбаңыз.
Қуат сымын темір затқа ілмеңіз, оны заттардың арасынан
өткізіп төсеңіз немесе құрылғының артынан өткізіңіз.
Бүлінген ашаны, бүлінген қорек сымын немесе босап қалған
розетканы қолданбаңыз. Құрылғының ашасы немесе қорек
сымы бұзылса, жақындағы қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Пешке су құюға немесе суды тура бүркуге болмайды.
Пештің үстіне, ішіне немесе есігінің үстіне зат қоюға
болмайды.
Құрт-құмырысқаларды құртуға арналған бүріккіш тәрізді
тұтанғыш затты пештің бетіне шашпаңыз.
Пештің ішіне тұтанғыш зат салып сақтауға болмайды.
Құрамында спирті бар тағамдарды немесе сусындарды
қыздырған кезде өте сақ болыңыз, себебі спирттің буы
пештің ыстық бөлігіне тиіп кетуі мүмкін.
Есікті ашып-жапқан кезде балаларды алыс ұстаңыз, себебі
олар есікке соғылып қалуы немесе саусақтарын есікке
қыстырып алуы мүмкін.
 Микротолқынды пеште сусындарды қыздырған
кезде кенет тасып кетуі мүмкін, сондықтан да, сауытты
абайлап ұстау керек; Бұндай жағдайдың алдын алу үшін,
оларды ӘРҚАШАН пешті сөндіргеннен кейін, температура
біркелкі болуы үшін кем дегенде 20 секунд пештің ішіне қоя
тұрыңыз. Қажет болса, қыздырып жатқанда араластырыңыз
және ӘРҚАШАН қыздырып болғаннан кейін араластырыңыз.
Бу шалып кетсе, төмендегі әрекеттерді орындап, АЛҒАШҚЫ
ЖӘРДЕМ көрсетіңіз:
Бу шалып кеткен жерді кем дегенде 10 минут суық
суға малыңыз.
Таза, құрғақ дәкемен жабыңыз.
Ешбір крем, май немесе лосьон жақпаңыз.
Науаны немесе торды тағам пісіріп болғаннан кейін суға
дереу салмаңыз, себебі науа немесе тор сынып кетуі
немесе оларға зақым келуі мүмкін.
Микротолқынды пешті тағамды майға батырып қуыру үшін
пайдаланбаңыз, себебі, май температурасын бақылау
мүмкін емес.
Бұның нәтижесінде ыстық тұрған сұйықтық кенет тасып
төгілуі мүмкін.

Тек микротолқынды пеште қолдануға болатын ыдыс-
аяқтарды ғана қолданыңыз; металл сауыттардың
ешқайсысын, жиектері алтын немесе күміспен жалатылған
ас ыдыстарын, істік, шанышқыларды т.с.с. ешқашан
ҚОЛДАНБАҢЫЗ;
Қағаз немесе пластик қалталардың сымтемірден жасалған
бауларын алыңыз.
Себебі : Электр жарқылы немесе қысқа тұйықталу пешті
бүлдіруі мүмкін.
MC28H5013AW_BW_DE68-04234A-01_KK.indd 9 2013-12-10 �� 1:17:29
Page view 96
1 2 ... 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 ... 175 176

Comments to this Manuals

No comments