Samsung MS22M8074AT User Manual Page 79

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 144
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 78
Казақ7
Қауіпсіздік нұсқаулары
Шектеулі кепілдік
Керек-жарақтарды ауыстыру немесе косметикалық зақымдарды жөндеу жұмыстарын, егер осы
зақымдарды пайдаланушы келтірсе Samsung ақылы түрде іске асырады. Бұған келесі жағдайлар
жатады:
Соғылған, сызылған немесе сынған есік, тұтқа, сыртқы панель немесе басқару панелі.
Сынған немесе жоғалып кеткен науа, сырғыма жол, жалғастырғыш немесе темір тор.
Бұл пешті тек осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген мақсатта ғана қолданыңыз. Бұл
пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген "Ескертулер" мен "Қауіпсіздік нұсқауларында", орын алуы
ықтимал жағдайлар мен оқиғалардың барлығы бірдей қамтылмаған. Пешті абайлап, сақтықпен
орнатуға, күтім көрсетуге, іске қосуға өзіңіз міндеттісіз.
Себебі бұл іске пайдалану нұсқауларында әр түрлі үлгілер қамтылғандықтан, микротолқынды
пешіңіздің техникалық сипаттамасы, осы нұсқаулықта көрсетілген пештерден сәл өзгеше болуы және
ескерту белгілерінің барлығы бірдей сізге қатысты болмауы мүмкін. Толғандырып жүрген мәселеңіз
немесе сұрағыңыз болса, жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз немесе www.
samsung.com арқылы онлайн ақпарат және көмек алыңыз.
Бұл пешті тағам қыздыру үшін ғана пайдаланыңыз. Бұл пеш үйде қолдануға ғана арналған. Матаны
немесе дән толтырылған жастықшаларды қыздырмаңыз. Пешті дұрыс немесе тиісті түрде қолданбау
нәтижесінде орын алған зақым үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Пеш бетінің бүлінуіне және қауіпті жағдайларға жол бермеу үшін пешті әрқашан таза және жақсы күтіп
ұстаңыз.
Құрылғы тобының сипаттамасы
Бұл 2-ші топтағы, B санатына жататын ISM құрылғысы. 2-ші топқа радио-жиіліктегі қуатты
электромагнитті сәуле ретінде, материалдарды өңдеу үшін арнайы шығаратын ISM құрылғыларының
барлығы, сондай-ақ EDM және доғамен дәнекерлейтін құрылғылар да жатады.
B санатына тұрмыста қолдануға арналған немесе төмен кернеулі желіге тіке жалғанған тұрғын үй
кешендерінде қолданылатын құрылғылар жатады.
Аталған өнімді дұрыс пайдалану (Электр қуатын шығындау және
Электрондық жабдық)
(Жеке қоқыс жинайтын жүйесі бар елдерге қатысты)
Өнімдегі, акцессуардағы немесе нұсқаулықтағы бұл таңбалау өнімді және
оның электрондық аксессуарларын (мысалы, қуат беру құрылғысын,
құлаққаптың, USB кабелін), олардың қызмет ету мерзімі өткен соң, үйде
басқа мақсатта пайдалануға болмайтындығын білдіреді. Қалдықтардың
бақыланбайтын пайдаланылуынан қоршаған ортаға немесе адам
денсаулығына зиян келтірудің алдын алу үшін бұл заттарды басқа қалдық
түрлерінен бөлек алып қойыңыз және оларды материалдық ресурстарды
екінші рет пайдалану үшін қолданыңыз.
Үйде пайдаланушылар экологиялық қауіпсіз түрде қайта өңдеу үшін осы
өнімді қай жерден және қалай алуға болатынын анықтау мақсатында,
осы өнімді сатып алған жердегі ретейлермен немесе оның жергілікті
кеңсесімен хабарласуы тиіс.
Іскерлік пайдаланушылар сату-сатып алу шартының талаптары мен
ережелерін тексеру үшін өзінің жабдықтаушысымен хабарласуы тиіс.
Осы өнім және оның электрондық аксессуарлары жойылатын басқа
пайдаланған қаптамалармен араласып кетпеуі тиіс.
Untitled-17 7 3/13/2017 11:14:10 PM
Page view 78
1 2 ... 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 ... 143 144

Comments to this Manuals

No comments